19.11.2021, 23:24
Оқылды: 75

Қаратөбеде көпшілік марафон оздырылды

Бүгін Қаратөбе ауданының орталығында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесі аясында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында көпшілік марафон оздырылды.
21

Көпшілік марафонға қатысушылар орталық алаңда сап түзеді.

Айтулы шараның ашылу салтанатында Қаратөбе ауданы әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан сөз сөйлеп жүгірушілерге сәттілік тіледі.

18

Марафонға қатысушы жұртшылық аудан орталығындағы орталық алаңнан бастау алып, ауылішілік Ғ.Құрманғалиев, Мұхит, Қ.Жұмалиев, М.Бекімов, М.Нысанов, С.Датұлы  көшелері жолдармен  шара ережесіне сай 5 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті.

Жарыста алдына жан салмай алғаш мәре сызығын аттаған жас спортшы  Шоқан Аманжанов І орынды жеңіп алса, Ақниет Ғаббасов пен Есболат Ғабдолов ІІ және ІІІ орындарға табан тіреді. Жарыстың қорытындысында  көпшіліктің  көзайымына айналған марафоншылар Қаратөбе аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапханашысы Құрманай Қатауова – «Жас спортшы», Қаратөбе  мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ақан Төлеуов – «Ардагер спортшы», Шөптікөл бөбекжай-балабақшасының қызметкері Ирина Шабдарова – «Желаяқ спортшы» аталымдарын иеленді.

19

Марафон жеңімпаздары мен  жарыс аталымдарына ие болған  спортшыларды марапаттау рәсімін «Қаратөбе» спорт клубының директоры Екпін Тналиев жүргізді.

20

Шоқан Аманжанов, марафон жеңімпазы:

– Ел  тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткен бүгінгі көпшілік марафонға  аудан жастары  белсене  қатысты. Жалпы ауыл жастарының спорттық шараларға қатысу деңгейі жоғары  екендігін осы жүгіруден көріп отырмыз.

Олардың бойынан төзімділік пен жігерлілік байқалды. Жеңіске деген ұмтылыстары жоғары болды. Күннің салқындығына қарамастан белгіленген қашықтыққа жүгіріп, өз қабілеттіліктерін көрсетті. Осындай марафондар жиі болып тұрса игі. Өзім көптен спортпен айналысып келемін. Аталмыш марафонға қатысып бағымды сынауды жөн көрдім.

Жеңіске жеткеніме қуаныштымын.

Ерболат Райсов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

                                                       

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале