5.07.2018, 12:16
Оқылды: 20

Қаратөбелік сот төрайымы топ жарды

Karatobe sotАқтау қаласында өткен Қазақстан Республикасының Судьялар одағының ІХ спартакиадасына қатысқан Қаратөбе аудандық сотының төрайымы Бақытгүл Жәңгірова жеңіс тұғырынан көрінді.


 

Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Атырау облысы соттарының судьялары бақ сынаған жарыста Бақытгүл Жәңгірова спорттың шахмат және дойбы түрінен өнер көрсетті.

Шаршы тақтада қарсыластарынан оқ бойы озық шықан ол ойынның екі түрінен де І орынды жеңіп алды.

Бақытгүл Жәңгірова бұған дейін де судьялар арасындағы аймақтық және республикалық спартакиадаларда бірнеше рет жеңімпаз атанған болатын. Бала кезінен ой жүйесін дамытатын спортты жанына серік еткен ол дойбы мен шахматты әкесінен үйренген екен.

Бақытгүл Шабайқызы енді қыркүйек айында Қызылорда қаласында өтетін республикалық спартакиадада облыс намысын қорғайды.

Тоты АСҚАРҚЫЗЫ

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале