19.10.2020, 15:06
Оқылды: 102

Қарияларды қуантты

Қайырымдылық айлығы аясында Бәйтерек ауданы Переметный ауылдық округінің әкімшілігі «Бәйтерек» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып, қарияларды қуантты.

Karialar (1)

– Аға ұрпақтың еңбек жолы жастарымызға үлгі. Бүгінгі бейбіт күніміз еліміздің дамуы мен өркендеуіне үлес қосқан ардагерлердің тынымсыз еңбегінің арқасында келді. Барша қариялар мен кейуаналарды өткен халықаралық «Қариялар күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.  Дендеріңізге саулық тілеймін, – деді өз құттықтауында округ әкімі Бекзат Бадақов.

Karialar (2)

Кейін аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары қызмет алушыларға ән мен күйден шашу шашып, көңілдерін көтерді.

Karialar (4)

Шара соңында округ әкімшілігі қарияларға жергілікті кәсіпкер Мырзағали Сатыбалдыұлы сыйлаған микротолқынды пешті тарту етті.

Karialar (5)

Қариялар мен мекеме қызметкерлері қонақтарға алғыстарын білдіріп, ел тыныштығын тілеп, шат-шадыман қуанышын жасырмады.

Аружан Болатбекқызы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале