23.08.2023, 9:45
Оқылды: 38

Кәріз құдық мәселесі қашан шешіледі?

Бәйтерек ауданы әкімі Марат Тоқжановтың Янайкин ауылы тұрғындарымен болатын кездесуі сайын көтерілетін мәселе –  кәріз құдық жайы. Осынау түйткілдер бұл жолы да кеңінен сөз болды.

IMG_20230823_021500_168

Жиында бұл мәселені ауыл тұрғыны Темірғали Жанболатов көтерді. «Кәріз құдықты тазарту үшін Щаповтан, не Көшімнен арнайы көлік шақыртып, әр рейсіне 16 мың теңге төлеп жүрміз. Бұл бізге ауыр соғып тұр» деген оның сөзін жиналғандар толықтай қолдады.

IMG_20230823_021600_244

Аудан әкімі кәріз құдыққа қатысты мәселенің әлі де көкейкесті екенін атап өтті.

- Тазартқыш ғимараттар салу үлкен қаражатты талап етеді. Оны әр ауылдық округте салуға мүмкіндік жоқ. Сол себепті 3-4 ауылға біреуін салуды ойластырып жатырмыз. Айтуларыңыз дұрыс, - деді Марат Лұқпанұлы.

- Қазір орта есеппен ассенизатор көлігінің бір рейсі орта есеппен 16-18 мың теңге. Мұндай соманы тұрғындардың бәрі бірдей төлей алмайды. Біз осы мәселені барынша тезірек шешуге мүдделіміз. Тиісті келіссөздер жүргізіліп жатыр. Келесі жылдан бастап жобаны бастау үшін тырмысудамыз. Ал әзірге көрші ауылдардан келетін ассенизатор көліктердің қызметіне жүгіне тұрудан басқа амал жоқ, - деді аудан әкімі.

Кездесуде сөз алған ауыл тұрғындары Сергей Щербанов, Хаус Құбашев, Мағжан Зайтов бұралқы ит, тұрғын үй жайы, ұялы байланыс тағы басқа мәселелерді көтеріп, оған тұщымды жауаптар алды.

Округ әкімінің міндетін атқарушы Гүлсім Төлегенқызы баяндағандай, рецепт бойынша берілетін дәрі-дәрмектердің кешігіп келуі, мал қорымын салу, тіс кабинетін қайта ашу мәселелері шешімін табады. «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша екі адам жаңа кәсіп иегері атанды. Жастар практикасына бір адам жолданып, әлеуметтік жұмыс орындары бойынша екі жас жұмыспен қамтылған.

 

Нұрсәуле Жәнібекқызы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале