1.03.2024, 15:30
Оқылды: 23

Кәсіподақ спартакиадасының аудандық кезеңі өтті

Қаратөбеде «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғарғы білім қызметкерлері» салалық кәсіподағының 100 жылдығына орай ұйымдастырылған кәсіподақ мүшелері арасындағы облыстық VIII «Денсаулық спартакиадасының» аудандық кезеңі өтті.

f1643706-4a4e-4216-bbd9-356d9afbc04a

Спорттық шараға аудандық білім беру бөліміне қарасты 16 команда қатысты. Спартакиаданың ашылу салтанатына аудандық білім беру бөлімінің басшысы Б.Ғарапшиев, ардагер ұстаз Б.Сағынғалиев, Қаратөбе аудандық білім беру қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Н.Зейнуллин қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, командаларға сәттілік тіледі.

Білім беру саласы қызметкерлері арасында өткен жарыста волейбол ойынынан жалпыкомандалық есепте Қ.Жұмалиев атындағы мектеп-гимназия І орын, Ханкөл мектебі ІІ орын, Қалдығайты орта мектебінің командасы ІІІ орынды иеленді.

Үстел теннисінен 45 жастан жоғары ерлер арасында Қаракөл жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі С.Абденов І орын, Шөптікөл мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің лобаранты Ж.Хамбетов ІІ орын, Қалдығайты жалпы мектебінің мұғалімі Б.Қуанышкереев ІІІ орынды иеленді.

7465e863-9020-4956-b8dd-8f9836d21853

Үстел теннисінен 45 жасқа дейінгі ерлер арасында Б.Қаратаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі М.Жантілеуов І орын. Аққозы мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің мұғалімі Ж.Жүсүбалиев ІІ орын, Қ.Жұмалиев атындағы Қаратөбе мектеп-гимназиясының мұғалімі Д.Хамидуллин ІІІ орын иеленді.

8d3ca6ae-5fbf-40b1-8435-dd1ce96b4a91

Үстел теннисінен қыздар арасында Шөптікөл мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің лобаранты И.Шабдарова І орын, Б.Қаратаев атындағы мектептің мұғалімі І.Отарғалиева ІІ орын, Жамбыл мектебінің мұғалімі К.Олжатаева ІІІ орын иеленді.

Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғарғы білім қызметкерлері салалық кәсіподағы Қаратөбе аудандық комитеті филиалы тарапынан жеңімпаздарға ақшалай және бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.

 

Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале