13.01.2020, 15:35
Оқылды: 160

Қазақ күресінен жарыс сирек өтеді

Ел болып етек-жеңімізді жиғалы ұлттық құндылықтарымызды да дәріптей бастадық. Соңғы жылдары елімізде қазақ күресіне деген ықылас артса, Бәйтерек ауданында да онымен шұғылданушылар саны артып келеді.

kures11

Өткен жылы аудан палуандары біраз турнирлерге қатысып, қанжығаларын майланып оралды. Дәлірек айтсақ, 22 палуан облыстық жарыстарда жеңімпаз атанса, бір палуан ел чемпионатының жүлдегері болды.

-Қазір аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде үш бапкер балаларды қазақ күресіне баулып жүр. Аудан орталығында қазақ күресі үйірмесі жоқ болса да, Махамбет, Рубежка және Көшім ауылдарында бұл үйірмелер тұрақты жұмыс жасайды.Оларда 40 бала жаттығады, - дейді аудандық спорт мектебінің әдіскері Сүйініш Ұмбаев.

Әрине балалалардың бос уақытын спорт залында өткізгені жақсы. Тек жас палуандардың шеберлігін шыңдау бағытында жарыстар көп өтпейді. Өткен жылы ауданда қазақ күресінен тек үш жарыс ұйымдастырылған. Бұл өте аз. Облыстық, республикалық жарыстарда өрендеріміз орын алсын десек, аудандық деңгейдегі жарыстардың көп боғаны жөн.

Түгелбай Бисен

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале