Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын жариялады.
Президент: «Қазақстан - ауқымды құрылыс аумағына айналуы тиіс» - деп, атап өтті.

Жолдауда 2027 жыл - Жалпыхалықтық құрылыс жылы -деп жарияланды. Бірінші кезекте денсаулық сақтау нысандары: ауруханалар, перзентханалар, жедел жәрдем бекеттері, балаларға арналған оңалту орталықтары, сонымен қатар білім, мәдениет пен спорт нысандары салынады деді.
Үлкен қалалардан бастап ауылдарға дейін жолдар, вокзалдар мен әуежайлар жаңартылып, тұрғын үй салу қарқын алып, газ және таза су тартылады, - деді. Бұл жай ғана ғимарат салу емес, халықтың тұрмыс сапасын көтерудің маңызды шарты. Құрылыс жұмыстары жүрсе бірнеше мыңдаған адам жұмыспен қамтылады.
Ауылдарда жаңа мектеп, аурухана,мәдени нысандар салынып, пайдалануға беріледі.
Президент айтқандай бұл тарихи маңыздағы ең үлкен инфрақұрылымдық жоба болады және оның игілігін өскелең ұрпақ көреді.
Рамазан Қыдыршаев,
Қаратөбе аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы