Казталов ауданының оқушылар арасында «Мен оқыған 30 кітап» атты аудандық байқауы ұйымдастырылады.
Байқауды Казталов ауданы әкімдігінің, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастырып отыр.
Байқаудың мақсаты мен міндеті
- Қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеттерін оқушыларға насихаттау, жас ұрпақтың ел мен жерге деген махаббатын ояту және кітаптың асыл қазына екенін түсіндіру;
- Оқушылардың кітап оқу арқылы өз ойын еркін жеткізуін, оқуға құштарлығын ояту.
- Оқу мәдениетін дамыту және қолдау, оқырманның имиджін көтеру, оқырмандар арасында үздік көркем әдебиет туындыларын насихаттау;
- Маусым, шілде, тамыз айларында кітап оқытып, ішінен ең үздік оқырмандарды ақшалай сыйлықпен марапаттау (анықтау және марапаттау)
І кезең 1 маусым мен 15 тамыз аралығында өтеді. Facebook әлеуметтік желісі арқылы #Меноқыған30 кітап хэштегімен бірінші қосымшада көрсетілген 30 кітапты бөлісіп, міндетті түрде «Казталов аудандық кітапханасы» және «Казталов ауданы әкімінің аппараты» парақшаларын белгілеуі қажет.
Ал ІІ кезеңде 21 мен 25 тамыз аралығында қатысушылар тест пен сұраққа жауап беріп, жеңімпаздар анықталады.
Қатысушылар тақырыпқа деген қөзқарастың кеңдігі мен ауқымдылығы, тіл тазалығы, ойын еркін жеткізуі мен тіл байлығы қарай бағаланады.
Байқауға Казталов ауданының 5-11 сынып оқушылары қатыса алады. Қатысу үшін 2-қосымшаға сәйкес өтінішті 2023 жылдың 15 тамызына дейін kazt_libraru@mail.ru электронды поштасына жолдау қажет.
Байқаудың өткізілуін жүзеге асыру үшін жұмыс тобы құрылады.
Марапаттау кезеңі 2023 жылдың 21-25 тамыз күндері.
Байқау жеңімпаздары мен қатысушылары ынталандыру сыйлықтарымен, алғыс хаттармен марапатталады.
Жүлде қоры:
І орынға – 300 000 мың теңге, ІІ орынға – 200 000 мың теңге, ІІІ орынға (екеу) – 100 000 мың теңге,
10 оқырманға 30 мың теңгеден ақшалай ынталандыру сыйлығы беріледі.
Байқау қортындысы ауданның әлеуметтік желі парақшаларында және аудандық, облыстық баспасөз беттерінде жарияланады.
Ұйымдастыру комитеті:
Аудандық орталықтандырылған кітапхананың директоры Г.Даулетова (87114431246).
Балалар ісі жөніндегі әдіскер: А.Жұмашева (87082486215);
Кітапхана әдіскері: Г.Базартаева (87771842100)
30 кітап тізімі
1. Алпамыс батыр жыры.
2. А.Ертұғрұл. Қорқыт ата не деді?
3. А. Гайдар.Тимур және оның командасы.
4. А. Рақыш. Балалықтың соңғы күзі.
5. Ә.Файзуллаұлы. Өтірік айтпайтын күн.
6. Б.Соқпақбаев. Менің атым Қожа.
7. Б.Майлин. Күлпаш.
8. Ғ.Мүсірепов. Ұлпан.
9. Д.Дефо. Робинзон Крузо.
10. Д.Мұштанова. Әз ғұмыр.
11. З.Ахметова.Шуақты күндер.
12. З.Наурызбаева. Алтын тостағанды іздеу.
13. З.Төлеуова. Құлаған үйдің құпиясы.
14. Қобыланды батыр жыры
15. Ер Тарғын жыры.
16. М.Твен. Том Сойердің басынан кешкендері
17. М.Мағауин. Тазының өлімі.
18. М.Балдмолда. Он төрт
19. М.Қабанбай. Арыстан, мен виолончель және қасапхана
20. М. Әуезов. Көксерек.
21. Р.Әбілқадырова. Алабаскөл балалары
22. Р.Киплинг Маугли
23. С.Мұратбеков. Жусан исі
24. Т.Әбдірайым.Алабұға аулаған күн.
25. Т.Әлімқұлов. Тұлпардың тағдыры.
26. Ы.Алтынсарин. Таза бұлақ .
27. Ш.Айтматов. Ақ кеме
28. Ш.Күмісбайұлы .Бабамдай болғым келеді
29. Ш.Құдайбердіұлы. Ләйлә мен Мүжнүн
30. Ш.Мұртаза. Интернаттың наны
zhaikpress.kz
26.09.2023, 17:30
26.09.2023, 15:30
26.09.2023, 14:45
26.09.2023, 12:45