22.02.2024, 12:45
Оқылды: 34

Казталов ауданы әкімі құрылыс қарқынын сынға алды

Казталов ауданы әкімі Асланбек Сарқұлов «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» компаниясының әлеуметтік жобалар бөлімінің құрылыс менеджері Ерлан Божкеновпен кездесіп, аудан орталығындағы 320 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс жұмысымен танысты.

казталов жп спорт д ф (2)

Қазіргі таңда аталған құрылыс нысанының қабырғалары қаланып, төбесін жабу, жарықпен қамтамасыз ету жұмысы жүргізіліп жатыр.  Алдағы уақытта жылыту жүйесімен жабдықтау,  ішкі әрлеу, абаттандыру жұмысы жүргізіледі деп жоспарланып отыр.

казталов жп спорт д ф (5)

Аудан әкімі Асланбек Ахметоллаұлы құрылыс қарқынын сынға алып, мердігергеқарқынды арттырып, сапаға мән беруді тапсырды.  Ерлан Шерниязұлы да құрылыс жұмысының жүргізілу барысы мен сапасы тапсырыс берушінің назарында болатындығын және кемшіліктер анықталса мердігерге тиісті жауапкершілік жүктелетіндігін жеткізді.

320 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» тапсырысымен «AGA Building Group» ЖШС жүргізіп жатыр.

 

Казталов ауданы әкімдігінің

баспасөз қызметі

казталов жп спорт д ф (4) казталов жп спорт д ф (6)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале