10.01.2024, 22:30
Оқылды: 60

Казталов ауданы: Қараөзенде Ғарифолла кеші өтті

Бүгін Казталов ауданына қарасты Қараөзен ауылының мәдениет үйінде қазақтың жезтаңдай әнші, сазгер, жыршысы Ғарифолла Құрманғалиевтың рухы мен шығармашылығына арналған​ «Өнердің қайталанбас өр тұлғасы» атты тамаша кеш өтті.

IMG-20240110-WA0049

Кеш барысында Ғарифолла Құрманғалиевтен дәріс алған шәкірті, Республикаға танымал әнші, сазгер, «Қыз Жібек» термешілер ансамблінің жетекшісі Баян Құбайқызы мен Жалпақтал балалар өнер мектебінің ұстазы Асылхан Бұлтанов сөз алып, танымал әнші Ғарифолла Құрманғалиев жөнінде біраз мағлұматтар берді.

IMG-20240110-WA0046

Шараға келген көрермендер Ғарифолла ағамыздан дәріс алған Баян Құбайқызының аузынан керемет естеліктер тыңдап, үлгілі «Қыз Жібек» термешілерінің орындауында Ғарифолла ағамыздың «Оралым»,​ «Қаламқас» және тағы да басқа әндеріне қанық болды.

Қыдыр Харесұлы, 

Казталов ауданы 

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале