10.02.2024, 11:30
Оқылды: 10

Казталов ауданы: «Мақсат – болашақ түлектерді жұмыспен қамту»

Кеше Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжінде «Колледжді бітіруші түлектерді өндірістік машыққа орналастыру және өз-өздерін қамту мақсатында кәсіп ашып ауданымызға қажетті мамандық иесі атану» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

20240209_115846

2023-2024 оқу жылында «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының «Кондитер-безендіруші» біліктілігі, «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығының «Жөндеуші-слесарь», «Ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторист-машинисі» біліктілігі, «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер» мамандығының «Компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету операторы», «Желілік және жүйелік әкімшілендіру технигі» біліктіліктері, «Ветеринария» мамандығының «Жануарларды ветеринарлық өңдеу жөніндегі операторы», «Жануарлар мен құстарды жасанды ұрықтандыру операторы», «Ветеринарлық техник» біліктіліктері бойынша мамандар оқытылуда. Биыл барлығы 53 студент өздерінің таңдаған мамандықтары бойынша оқуларын аяқтайды.

20240209_113012

Жаңа технологияға салмақ артқан білім ғасырында теориялық білімді терең меңгеріп, өндірістік іс-тәжірибені ұштастыра білетін, жан-жақты, білімді студенттер еліміздің болашағына өз үлесін қоса алады. Өндірістік іс-тәжірибе кәсіптік білімнің негізгі білімдері бағдарламасының құрамдас бөлігі және білікті мамандарды кәсіби іс әрекетке дайындаудың тиімді формасы болып табылғандықтан, болашақ мамандарды бүгінгі қоғам талабына сай дайындау колледж ұстаздарының басты мақсаты.

Дөңгелек үстелге Казталов аудандық мансап орталығының маманы Алмат Нетқалиев, БҚО әкімдігі ветеринария басқармасының «Казталов аудандық ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директорының орынбасары Жасұлан Дүйсенов, БҚО кәсіпкерлер палатасының Казталов ауданындағы филиалы менеджер-консультант Елебек Елеусін, «Абдурахим» жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі Раухан Жасанғалиевтер қатысып, колледж түлектерінің болашағына мамандықтарына орай өз салалары бойынша кеңінен түсінік беріп, Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжінің өндірістік практика кабинеттері мен лабораториялық орталықтарын аралап, студенттердің білім сапасымен кеңінен танысыты. Жергілікті мамандармен болған еркін тақырыптағы ашық әңгіме барысында түлектер өздерін мазалап жүрген сауалдарына тұшымды жауап алып, кездесу соңында мамандармен ойларын бөлісті.20240209_110702

Шара қорытындысында сөз алған Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжі директорының уақытша міндетін атқарушы Дәурен Оразаев колледждің биылғы түлектері атынан келген қонақтарға алғысын білдірді.

Қыдыр Харесұлы, 

Казталов ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале