31.01.2020, 18:04
Оқылды: 495

Казталов пен Жалпақталда спорт кешенінің құрылысы басталады

Казталов ауданының әкімі Альберт Есалиев есеп берді. Есепті кездесуге Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев, облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар, облыс әкімінің орынбасары Тимуржан Шәкімов, облыстық басқарма басшылары мен облыстық БАҚ өкілдері қатысты.

WhatsApp Image 2020-01-31 at 11.31.34

Қосөзендегі ағайын үшін өткен жыл жемісті болды. Әсіресе, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудан оқ бойы озып, абыройы асты

Түлектер мен кәсіпкерлердің қолдауымен былтыр 49 млн. 600 мың теңгеге 32 жоба іске асырылды. Ақпәтер ауылының тұрғыны Самат Хасанов 16 млн. қаражатқа туған жеріне фельдшерлік-акушерлік пункт, Талдыапан ауылындағы «Асқар» шаруа қожалығының жетекшісі Дархан Аябалиев 1 млн. 200 мың теңгеге хоккей қорабын салып берді.

Жалпақтал ауылының әр жылдағы мектеп түлектері жалпы құны 16 млн. 500 мың теңгеге демалыс орталығына мұнаралы сағат архитектуралық комплексін, Ғ.Молдашев атындағы мектептің ауласына спорт алаңы, баскетбол, волейбол ойындарына арналған «Толағай» балалар спорт алаңы жасақталса, жастар саябағына «Ратонда» архитектуралық комплексі қойылды. Казталов ауылының түлектерінің күшімен 1 млн. 700 мың теңгеге «Достық» саябағына «LED» экран орнатты.

WhatsApp Image 2020-01-31 at 11.31.44

Жиында сөз алған облыс әкімі Ғали Нәжімиденұлы облыс, аудан көлемінде қолға алынып жатқан бірқатар жоба мен нәтижелі жұмыстар туралы айта келіп, аудан тұрғындарының тарапынан көтерілген мәселелерге жауап берді.

Облыс басшысы аудан орталығында А.Оразбаева атындағы 600 орындық мектеп құрылысы, Казталов ауылында 320 орындық, Жалпақтал ауылында 160 орындық дене шынықтыру, сауықтыру кешенінің құрылысының басталатынын және Талдыапан ауылдық округіне қарасты Сарықұдық елді мекенінде 60 орындық мектептің іргетасы қаланып, құрылыс жұмысының басталғанын жеткізді.

-Өңірде 435 елді мекен бар. Олардың әрбірінде түрлі қордаланған мәселе толып тұр. Бәрін де шешкіміз келеді. Алдыңғы қатарда өзекті деген мәселелерге көңіл бөліп жатырмыз. Аталған мәселелерді кезең-кезеңімен шешу қарастырылған. Дегенмен алда атқарылар ауқымды жұмыс тұр. Казталов ауданындағы да жол, су, көгілдір отын, тұрғын-үй, мектеп, балабақша салу, күрделі жөндеу сияқты басты түйткілдерді бірден шешпегенімізбен, жоспарға еңгіздік. Бүгінде ауыл тұрмысын жақсарту үшін туындаған сан сауалдың түйіні тарқатылып, кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді, - деді облыс әкімі.

WhatsApp Image 2020-01-31 at 11.31.40 (1)

Сонымен қатар облыс басшысы аудан әкіміне ірі инвесторлар тартып, салық түсімін көбейтуді тапсырды.

-Былтыр Казталов ауданы Талдыапан ауылдық округіне «Ет индустриясы» агрохолдингін тартып, бүгінде ірі инвестор мал бордақылау алаңын іске қосты. Тың жоба басқа аудандарға үлгі. Аудан бюджетіне түсетін салық көлемі 8 млн. теңге болса, осы инвестор аудандық бюджетке 3 млн. теңге көлемінде салық түсірген. Ендігі кезекте аудандағы шаруашылықтар мен кәсіпкерлерден түсетін салық түсімін көбейтуді тапсырамын, -деді Ғали Есқалиев.

Бұнымен қоса өңір басшысы тұрғындар тарапынан көтерілген киіктің көбеюі, Казталов-Фомин шекара бекетінің ашылуы жайында қозғалған мәселелерге қатысты пікірін білдірді.

WhatsApp Image 2020-01-31 at 11.31.33

-Соңғы жылдары киіктің көбеюі Жаңақала, Бөкей орда, Жәнібек, Казталов аудандарында өзекті мәселенің бірі. Ақбөкендер ауыл шаруашылық саласына тікелей кері әсерін тигізуде. Осыған орай мәселені шешу үшін 4 ауданның атынан сайланған мәслихат депутаттарына арнайы хат дайындауды ұсынамын. Ал Казталов-Фомин шекара бекетіне келетін болсақ, Ресейдің Саратов губернаторымен келіссөздер жүргізіп, ортақ шешімге келдік. Енді сол жақтағы Министрліктің мақұлдауын күтіп отырмыз, - деп сөзін түйіндеді өңір басшысы.

WhatsApp Image 2020-01-31 at 11.31.38

Ғали Есқалиев Чапаев-Казталов-Жәнібек-Бөкей орда бағытындағы жолдың күрделі жөндеу жұмысын да тілге тиек етті. Ол бұл бағыттағы жөндеу жұмыстарын ұтып алған 4 мердігер компанияның ішінен «Юнисерв» ЖШС-ның жұмысына оң баға берді.

WhatsApp Image 2020-01-31 at 11.31.42

Есепті кездесуден кейін облыс әкімі тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады.

Қайрат Жақып
Жұлдыз Асқар

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице в Instagr am и нашем Telegram-канале

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале