27.03.2024, 23:45
Оқылды: 32

Казталов тұрғындарын Лекер көлінің суы алаңдатып отыр

Соңғы күндері Казталов ауданы орталығы тұрғындарын алаңдатып отырған өзекті мәселелердің бірі – Лекер көлінің қазіргі жағдайы. Қар суының еруі салдарынан қар суымен араласқан ауыз су сарғыш түске енген еді. Тұрғындардың бірі суды «қауіпті» десе, енді бірі жылда қайталанатын жағдайдың неге алдын алмағанына наразылығын білдірді. Тұрғындардың базынасына құлақ түріп, мамандардың пікірін білдік.

IMG-20240327-WA0133

Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Талғат Хайдаров:

- Қазіргі кезде аудан тұрғындарының арасында ауыз мәселесі көтеріліп жүр. Осыған орай ауыз су мәселесін шешу мақсатында үш үйден сынама алынып, сараптама орталығына жіберілді. Сараптама қорытындысы 29 наурыз күні шығады. Қорытынды шыққаннан кейін хабарын беретін боламыз, - деді ол өз сөзінде.

IMG-20240327-WA0134

Ал Казталов мемлекеттік шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорын директоры Сергей Тоқпанов тазалау жұмыстарына ауа райының қолайсыздығы кедергі болып отырғанын атап өтті.

- Казталов аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны қазіргі кезде 26 елді мекенді сумен қамтамасыз етіп отыр. Барлық ауылдарда тұтынушыларға су беру үздіксіз жүргізіліп отыр. Лекер көліндегі бірінші станциясындағы көлдің судың толуына байланысты ауданға су жіберетін құбырлардағы сулар лайланып кетті. Біздің екінші су тазарту станцияда залалсыздандыру жұмыстары жүріп жатыр. Лекер көліне ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше рет ауыр техникамен бара алмады. Ауа райы түзелгеннен кейін Лекер көлінің басына барып, насос қондырып, тазалау жұмыстарын жүргізетін боламыз. Өндірістік бақылау жөніндегі жергілікті сараптама орталығының лаботариясына судың сынамалары тапсырылды, нәтижесі 2-3 күнде келеді. Соған байланысты қосымша жұмыстанатын боламыз, - деді мекеме басшысы.

29 наурызда сынаманың қорытындысын да халық назарына ұсынатын боламыз.

Гүлнұр Бөлешова,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале