27.10.2022, 17:15
Оқылды: 40

Көкпаршылар жүлдемен оралды

25 қазан – Республика күніне орай Орал қаласында ұлттық ат спорты көкпар және аударыспақтан ересектер арасында Батыс Қазақстан облысының чемпионаты өткен болатын. Аталған дүбірлі додаға Қаратөбе ауданының құрама командасы қатысып, жүлделі орыннан көрінді.
кокпар1

Көкпардан сегіз команда арасында өткен чемпионатқа Қаратөбе ауданының шабандоздары да белсене қатысты. Көкпар ойынының қорытындысында жерлестеріміз жоғары деңгейде нәтиже көрсетіп, жүлделі ІІ орынды еншілеп қайтты. Айта кетерлігі, ересектер арасында өткен көкпарға Мұхит атындағы ЖОББМ-нің 10-сынып оқушылары Жанер Жанғабыл мен Ернар Нариманұлы ең жас шабандоздар ретінде қатысты.

кокпар2jpg

Чемпионатта түрлі салмақта өткен аударыспақ ойынында 82 келі салмақ дәрежесінде Қайырбек Сағындықов және 91 келі салмақ дәрежесінде Бауыржан Қадырғалиев ІІІ орынды иеленді.

 Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале