5.07.2017, 12:43
Оқылды: 20

Көкте самғаған  Райымбек

raimbek ushkishКеше қаратөбелік Райымбек Зайдағалиев ауылға ат басын тіреп, жастармен кездесті.


Сыр-сұхбатта  сөз алған Райымбек өзінің ұшқыш мамандығын қалай таңдағаны жөнінде әсерлі әңгімелеп берді. Бүгінгі күнде ол Шымкент қаласындағы  әуе қорғаныс күштері әскери бөлімінде  борт инженері болып қызмет жасауда.

Өзінің әскери қызметін адал атқаруымен қатар өзінің  шәкіртін де тәрбиелеуде. Райымбек  бірнеше мәрте Астана қаласындағы ҚР-ның Отан қорғау күні мерекесіндегі әскери парадтарға қатысса, үлгілі қызметі үшін талай мәрте марапаттарға да ие болған.

Әсем БОЛАТ,

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале