2.07.2021, 9:05
Оқылды: 50

"Коллективтік иммунитет қалыптастыру маңызды"

Сыдық Тәжмұқан, Сырым аудандық билер кеңесінің төрағасы, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары:

7EACF1FB-3DE8-4D09-8FA6-B88160C63B2F

- Әлемдік көлемде адамзатқа қауіп төндірген індеттің басталғанына он бес айдан асты. Бастапқы кезеңде медицина абыржып шаралар алуда кемшіліктер жіберілгенімен, ел Президентінің тікелей басшылығымен ауқымды жұмыстар атқарылды. Кеңестік кезеңде салынған орталықта алғашқылардың қатарында отандық вакцина шығарылуы абырой болды. Ауруды тек коллективтік иммунитет қалыптастыру арқылы тоқтата алатынымызды білімді адам түсінеді деп ойлаймын. Сондықтан вакцина алуға шешім қабылдадым. Екі компонентті де жеңіл көтердім. Баспасөзде көрінбегенімен әлеуметтік желілерде оның зиянды екенін жариялап халыққа теріс түсінік берушілер де жоқ емес. Оған алданбай дұрыс шешім қабылдауға баршаңызды шақырамын. "Сақтансаң, сақтармын" дегендей, әулетіңіздің амандығын ойлайды деген сенімдемін.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале