5.04.2024, 17:00
Оқылды: 21

Қос қари қабылдауда болды

Шыңғырлау ауданы әкімі Мұрат Өмірәлиев Құран кәрім сырын ұғып, тылсымын түйсінген қари қос азаматты қабылдады. Қасиетті Рамазан айында ауданға келіп, ораза тұтқан мұсылман қауыммен жүздескен, мешітте жамағатпен бірге болып имандылығын тереңдеткен қадамы сауапты жандарға аудан басшысы алғыс айтып, ілтипат білдірді.

435109772_1842821806129579_6326047037507312383_n

Қарилардың бірі - Ибрайым Ерсұлтан Алматының Көктөбе медресесін бітіріп, Түркияда құран оқу жолында білім алған. Қазір сол Көктөбе медресесінде қызмет етеді. Әкім қабылдауында болған екінші азамат - Райымбек Жанәбіл де Көктебе медресесін бітіріп, Мысырдың Каир қаласында университетте араб тілінде оқып жатыр.

435058742_1842821799462913_7838720891444209955_n

Аудан мешітінің бас имамы ораза айында жамағаттың мешітке жақсы жиналып, қос қаридың құран сырын тереңдете түсіндірген тәліміне қатысып жүргенін айтады. Рамазан айы басында көбірек келген жұрттың қарасы әлі сейіле қоймағанын, қазір де күнделікті орта есеппен 50 шақты мұсылман мешітке келетінін тілге тиек етті.

Қарилар аудан басшысына алғыс білдіріп, елдің қонақжайлығын, бұған дейін де осы өңірде болып, халықпен таныс екенін, Шыңғырлаудың меймандос қонақжай қалпының ұнайтынын жеткізді. Жамағаттың білгісі келетін негізгі қызығушылығы құран сүрелерінің мәні мен мағынасы, оның түсіндірілуі. Ал дін мәселесінде теріс ағымда немесе пікірде жүрген жандар кездеспеді дейді.

435008736_1842821762796250_8503620548598581312_n

- Ораза айы қасиетті амалдар жасап, имандылықты тереңдетін қасиетті уақыт. Осы тұста діни ілімнен толыққанды түсінік беріп, игі амалдар жасаған жандарыңызға жақсылық тілейміз. Діни қайшылықтар үдеп, әлемде қарама-қайшы радикалдық ағымдар үдерісі жүріп жатқан шақта жұртымызға жөн көрсете келген сіздерге рахметімізді айтамыз, отбасыларыңыз аман болсын, - деп кездесуді түйіндеген аудан басшысы қонақтарға алғысхаттар табыстап, сый-сияпат ұсынды.

434987145_1842821829462910_1432257886276517732_n

 

 

Қаршыға Елемесов,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале