13.12.2023, 15:45
Оқылды: 14

Көшім көркейіп келеді

Ауыл – ұлттық құндылықтар тоғысқан алтын бесік. Береке мен дәулеттің бастауы. Бәйтерек ауданында төрт түлігін түлетіп, егінін өсіріп, шаруасын шайқалтпаған ауылдар аз емес. Тәуелсіздік алып, төрт құбыламыз түгенделгелі қайнаған еңбек пен бақуатты тірліктің қайнар көзіндей болған ауылдық округтің бірі - Көшім.

baiterek (1)

Ел әлеуетінің жақсаруында кәсіпкерлік саласының алатын орны ерекше. Сондай бизнес өкілінің бірі - Ерғали Бекешов. Тәуелсіздіктің елең-алаң шағында жеке кәсібін бастаған «Бекешов.Е.У» ЖК округ аумағында дүкендерін ашып, халықтың күнделікті тұтыну қажеттілігін қамтамасыз етті.

1998 жылы құрылған «Макушин» шаруа қожалығы  наубайхана, дәріхана, дүкендер салды. Әлі күнге дейін бұл нысандардың есігіне құлып түскен жоқ әрі жергілікті халықты жұмыспен қамтып отыр. 2006 жылы құрылған «Доценко» ШҚ егін шаруашылығын қолға алып, ауылдық округқа ғана емес, ауданның да берекесінің артуына бүгінге дейін үлесін қосып келеді. Биыл олар 600 га бидай, 200 га арпа, 1377 га күнбағыс, 766 га сафлор егіп, жақсы өнім алды. Өсімдік шаруашылығын сөз еткенде бау-бақша өнімдерін өсірумен шұғылданатын Юлия Канды айтпай кетуге болмас. 2010 жылдан бері бәйтеректіктерді, оралдықтарды көкөніс өнімдерімен қамтып келе жатқан «Урожай» шаруашылығы да - біздің мақтанышымыз.

baiterek (4)

Жалпы округ бойынша 98 шағын және орта бизнес субектісі тіркелген. Оның 56-сы ШҚ, 37 ЖК және 5 ЖШС. Бұл құрылымдарда 437 адам еңбек етеді. Оларда 4592 (оның 2994-і сиыр) ірі қара малы, 12 067 қой мен ешкі, 1788 жылқы, 5109 құс бар (биылғы жыл басындағы мәлімет бойынша). Өткен жылдармен салыстырғанда мал басының едәуір өскені байқалады. Ал кәсіпкерлік саласына келсек, биылғы жарты жылдықтаға статистикаға сәйкес округімізде 33 дүкен, 6 тамақтану орны, автокешен, 2 шаш қию орны, 1 автожөндеу орталығы, дәріхана,  тұшпара жасау цехы, кондитерлік цех, 1 газ құю станиясы жұмыс істеп тұр.

Үкімет тарапынан ұсынылған кешенді бағдарламалар субъектілерге демеу болып, табыс табуға, шаруашылық көлемін арттыруға, лизингкке техника алуға, инноваиялық жобаларды іске асыруға, жұмыссыздықты жоюға септігін тигізіп келеді. Жалпы мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көшімдіктер айтарлықтай сезініп отыр. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамтыту жөніндегі Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асыру мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасы  бойынша 9 ауылдасымыз үш бағытта: мал санын арттыру, асыл тұқымды мал өсіру және өз кәсібін ашу үшін өтінім беріп, бәрі де қаражатын алып, жұмысты бастап жатыр. Бұл кешенді бағдарлама ауыл тұрғындарының табыс көлемін арттырып қана қоймай, жұмыссыздықты жоюға пайдасы тиюде.

baiterek (3)

Округіміздегі өзекті мәселе - Өркен ауылына баратын жолдың нашарлығы еді. Биыл 14 шақырым жолды күрделі жөндеуден өтіп,  падалануға берілді. Енді өркендіктер жол азабынан құтылып, қатқыл табанды жолмен жүйткітіп жүр. Ауылдық оругтегі өзге де мәселелер біртіндеп оң шешімін тауып жатыр. Елді мекендер толықтай электр қуатымен қамтылған. Ауылдарға қуат үнемдегіш заманауи шамдар қойылып, көшелер самаладай жарқырап тұр. Бұл істердің басы-қасында жүрген ауылдық округ әкімі Ауған Алмурзин бастаған жергілікті атқарушы құрылым өкілдерінің де еңбектерін атап өткен жөн.

baiterek (2)

Ел мерейін асқақтатқан Тәуелсіздік жылдары ішінде Көшім ауылдық округі сәулетті, дәулетті, ырысы мен ынтымағы жарасқан елге айналды.

 

Эльбрус Қарекенов,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале