24.11.2022, 20:16
Оқылды: 43

Көшімде жастар көбейіп келеді

Облыс әкімінің Көшім ауылдық округіндегі тұрғындармен кездесу жиынында Бәйтерек ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде хабарлама жасалды. 

IMG-20221124-WA0156

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Мұрат Бәйменов баяндағандай, агроөнеркәсіптік кешен аудан экономикасын тұрақтандыру және сауықтыру жолындағы негізгі бағыт бірі ретінде айқындалған. Соған орай бірінші кезекте  астық өндірісін дамытуға, ет және сүт өнімдерін қайта өңдеуге, тамшылатып суару технологиясын қолдана отырып, жеміс-көкөніс дақылдарын өсіруге мән беріліп отыр. Сонымен қатар жылыжай шаруашылықтары мен көкөніс сақтау қоймаларын салуға, құс фабрикаларын, бордақылау алаңдарын іске қосуға, асылды тұқымды мал сатып алуға, кооперативтер құру да назарда. Облыспен бекітілген меморандум бойынша биыл 218 280 га алқапқа бидай, картоп, мал азықтық, бау-бақша дақылдары егіліп, тиісті жоспар артығымен орындалды. Аудан бойынша күздік және жаздық дәнді дақылдар егіс көлемі толықтай  жиналды. Қазіргі кезде 42 мың гектарға егілген күнбағыс алқабының 40 мың жиналып, 369 мың тонна өнім алынды.

IMG-20221124-WA0157

Бүгінгі күні ауданда халықтың  99,6%-ы газға қолжеткізді. Биыл Алмалы ауылына газ жүргізілді. Сапалы ауыз су бәйтеректіктердің 83,9%-ына жетті. 2021-2022 жылдары «Нұрлы жол» және «Ауыл ел-бесігі» бағдарламалары аясында кірме автомобиль жолдары мен көше-жол желілерін орташа және күрделі жөндеу бойынша 17 жоба іске асырылуда.

Жұмыспен қамту құрылымдары арқылы ауданда 1485 адамға жұмысқа орналастыру шаралары көрсетілді. Бос жұмыс орындарына 948 адам орналасты. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арнлаған мемлекеттік грант 62 адамға берілді. Биылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша ауданда 944 жаңа жұмыс орны құрылып, жоспар 100%-ға орындалды. Аудандағы ресми тіркелген жұмыссыздық деңгейі – 2,4 %.

IMG-20221124-WA0158

- Өздеріңіз білесіздер, ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша биылдан бастап облыс әкімінің тұрғындарымен кездесу форматы өзгерді. Бірінші жартыжылдықтағы кездесуіміз аудан орталығында өтсе, екіншісін ауылдарда ұйымдастырған жөн деп шешіп, сіздердің ауылыңызға келіп отырған жайымыз бар. Бәйтерек облысымыздағы ең ірі әрі маңызды ауданның бірі болып саналады. Жаңа аудан әкімінің міндетін атқарушы баяндап өткендей, облысымыздың негізгі егістік алқабы осында. Биыл ауа райының қолайлы болуының және диқандарымыздың қажырлы еңбегінің арқасында мол өнім алынды. Мал мен құс шаруашылықтары да жақсы дамуда. Соған орай бәйтеректік шаруашылық өкілдеріне өз ризашылығымды білдіргім келеді. Ауданда газбен, сумен қамту шешімін таба келді. Жол салу бағытында да оңды өзгерістер бар. Жаңа баяндалғандай, жастарды қолдау бағытындағы жұмыстардың нәтижесінде осы Көшім ауылдық округіне жастардың келуі жоғарлаған. Мәселен, 2020 жылы округте 749 жас (16-29 жас аралығындағылар) болса, биыл олардың саны 903-ке жеткен. Яғни 20 пайызға жастардың саны артқан. Жастардың ауылға келуі қуантады,-деді Ғали Нәжімеденұлы.

Сәкен Мұратұлы, 

Бәйтерек ауданы 

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале