29.04.2022, 16:45
Оқылды: 94

Күн тәртібінде: Еңбек қатынастары жұмыстарын заңдастыру

Бүгін Шыңғырлау ауданы орталығында жеке кәсіпкерлік субъектілерінде бейресми жұмыс жасап жүрген тұлғалардың қызметін заңдастыруға қатысты отырыс ұйымдастырылды. Жиынға облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альберт Есалиев, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Исатай Мынбаев, жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Асан Нарымбаев және шақырылған мекеме басшылары мен қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері қатысты.

22

Күн тәртібіндегі «Еңбек қатынастары жұмыстарын заңдастыру бағытына сәйкес электронды еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі туралы» мәселе төңірегінде өрбіді. Аталған сұрақ бойынша облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альберт Темірболатұлы бүгінгі таңдағы еңбек қатынастары жөнінде баяндап, электронды еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесін жасақтауда қиындық туғызатын мәселелері бойынша тиісті сала басшылары мен округ әкімдерінің сұрақтарына жауап берді.

Жиын барысында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Саян Баймуханов: «Мемлекеттік кірістер басқармасындағы мәлімет бойынша ауданымызда 226 шаруа қожалық тіркелінген, соның ішінде сайтта 146-сы еңбек шартын жасаған, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің 419 тіркелінген болса, оның 61-і шарт жасалған, бұл жерде айтып өтеріміз басым көпшілігінде жұмысшылар жоқ, сол себепті сайтта тіркелінбеді», дей келе, әсіресе әлі де толықтай электрондық еңбек шарттарын толтырмай отырған жеке кәсіпкерлік субъектілері мен шаруа қожалықтары бар екенін хабарлады. Сонымен қатар, Саян Қуанышұлы ауданымыз облыс бойынша пилоттық аудан, ал  аудан ішінде Ақбұлақ ауылдық округі пилот режиміне ұсынылғанын, бүгінге Ақбұлақ ауылдық округі бойынша 25 шаруа қожалығының 19-ы тіркелінген және 12 жеке кәсіпкерлік субъектінің 8-і еңбек шартын тіркелгендігін айтып өтті.

Басқосуда ауылдық округ әкімдері жұмыс барысында кездескен мәселелерді талқылап, басқарма қызметкерлерінен тұщымды жауап ала алды.

Аман Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале