5.12.2023, 16:45
Оқылды: 21

Құрмет көрсетті

Бүгін Казталов ауданы әкімі Асланбек Сарқұлов Казталов аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Мирлан Құсайыновты құрметті демалысқа шығуына орай қабылдады.

image-05-12-23-12-47-3

- Сіз ұзақ жылдар бойы ауданымыздың дамуына үлес қосып, қажырлы еңбек еттіңіз. Бүгінгі жас ұрпаққа еңбек жолыңыз үлгі. Сізді бүгінгі мерейлі жасыңызбен құттықтап, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілеймін, - деп шапан жауып, құрмет көрсетті.

image-05-12-23-12-47

Аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Мирлан Нағымұлы еңбек еткен жылдары:

image-05-12-23-12-47-1

- 1977 жылы Жәнібек ауданы «Қайрат» кеңшарында «Жас түлек» комсомол-жастар шопандар бригадасында көмекші шопан;

- 1984-1989 жылдары Казталов ауданының «Казталовка» қой кеңшарында экономист;

Аудандық өнеркәсіп бірлестігінде бас экономист

- 1989-1992 жылдары Қазақстан Компартиясы аудандық партия комитеті ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, Халық демпутаттары аудандық Кеңесінің іс басқарушысы-хатшысы;

- 1992-1995 жылдары «Жайық ауыл құрылыс» ұжымдық кәсіпорны № 11 кіші кәсіпорнының бас бухалтері;

- 1995-1997 жылдары  Жалпақтал аймағы бойынша салық милициясының аға инспекторы, БҚО салық полициясы басқармасынң Казталов аймағы бойынша ауданаралық салықтық тергеп-тексеру бөлімшесінің бастығы;

1997-2013 жылдары БҚО Казталов және Жәнібек аудандары бойынша салық комитеттерінің төрағасы, Казталов аудандық салық басқармасы басшысының орынбасары, бөлім басшысы;

- 2013-2015 жылдары Казталов ауданы әкімі аппаратының басшысы;

- 2015-2016 жылдары Орал қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары;

- 2016-2018 жылдары Казталов аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы;

- 2018-2021 жылдары Казталов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы;

- 2021 жылдары маусым айынан бастап осы кезге дейін Казталов аудандық мәслихатының аппарат басшысы қызметін атқарды.

Қабылдауға жиналған әріптестері ақжарма тілектерін жеткізіп, өткен күннің естеліктерімен бөлісті. Мерейтой иесі Мирлан Құсайынов құрмет көрсеткен аудан әкіміне, әріптестеріне алғысын білдірді.

М. Парасат,

Казталов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале