30.01.2020, 17:17
Оқылды: 48

«Құрылыс Газ» 1,5 шақырымдық арық қазып берді

Казталовка ауданының Талдыапан ауылдық округінде әкімдердің өткен есеп беру жиынында ауыл тұрғындары осы ауыл жанындағы бөгетке су айдау туралы мәселе көтерген-ді.

QAZTALOV (1)

Бұған дейін бөгетке су тек көктем уақытында Дөңгелек су қоймасы арқылы жеберілетін. Ол су айдау жұмыстарының өзі бір жұма ғана созылып, ауыл іргесіне жетпей қалатын. Әрі бөгеттегі судың деңгейі жылдан жылға төмендей берді. Осы мәселені түбегейлі шешу үшін Лиман 55 каналы бойынан жаңадан арық қазу қажеттілігі туындады. Ол үшін біраз қаражат та керек болды.

QAZTALOV (2)

 Десек те округ әкімі қызметіне жаңадан тағайындалған Артур Берденов ауыл азаматтарының басын біріктіре білді. Олар Талдыапан аумағында жұмыс жасап жатқан «Құрылыс Газ» ЖШС-ның басшысы, жерлесіміз Кәримолла Жақыповқа жолығып, ауыл тұрғындарының тілегін жеткізді. Туған топырағынан көмек көрсетуге әзір тұратын Кәримолла Қабенұлы ағамыз жерлестерінің сөзін жерге тастамай, өз қаражатына 1,5 шақырымдық арық қазып берді. Сонымен бірге каналға қосылатын жерге жаңа қақпа орнатылды.

QAZTALOV (4)

Талдыапан ауылының тұрғындары осындай игі істі қолға алып, оны тиянақты атқарып шыққан «Құрылыс Газ» мекемесінің қызметкерлері Сергей мен Алексейге және мекеме басшысы Кәримолла Жақыповқа дән риза.

Қайрат Жақып

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале