7.02.2022, 11:20
Оқылды: 142

Қызметкерлер арасындағы эстафета

Жуырда Жаңақала аудандық «Jastar» спорт клубының ұйымдастыруымен «Денсаулық зор байлық» атты мекеме қызметкерлері арасында қысқы спорттық эстафеталық ойындары өтті. Шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, қысқы спорт түрлерімен жүйелі шұғылданушылардың санын арттыру, мекеме қызметкерлері арасында қысқы спорт түрлерін дамыту.

IMG-20220207-WA0032

Спорт кешенінің алаңында өткен жарысқа бес команда қатысып, бақ сынады. Жарыстың ашылу салтанатына Жаңаудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Әлихан Досмұхамбетов, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Талғат Жанболатов, аудандық «Jastar» спорт клубының директоры Жанболат Гумаров қатысты. Содан кейін Қазақстанымыздың көк туы желбіреп, Әнұранымыз шырқалды.

IMG-20220207-WA0033

Шара барысында сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары А.Нұрғалиқызы ақжарма тілегін білдіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Одан әрі шараның ашылу салтанаты аяқталып, жас туристер станциясы, Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебі, №3 ЖОББМ, аудандық аурухана, аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінен сақадай сай тұрған ойыншылар эстафетаны бастап кетті.

Дүбірлі дода нәтижесінде - №3 ЖОББ мектебі командасы қарсыластарын басып озып,  жеңімпаз атанды. Жас туристер станциясы командасы күміспен күптелсе, Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебі ойыншылары ІІІ орынға табан тіреді. Жүлделі орындарға ие болған ойыншылар аудандық «Jastar» спорт клубының кубок, дипломдарымен және сыйлықтарымен марапатталды.

Райхан Амантай,

Жаңақала ауданы 

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале