15.05.2023, 16:32
Оқылды: 36

Медицина ұйымдары ашық есік күнін ұйымдастырды

Бүгін Халықаралық отбасы күніне орай Казталов аудандық ауруханасында ашық есік күні ұйымдастырылды. Айтулы мерекеге орай ұйымдастырылған ашық есік күнінде аурухана мамандары ауыл тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсетіп, медициналық тексерулерден өткізіп, ем-дом шараларын тағайындады.

FB_IMG_1684142836412

Сонымен қатар, ауыл халқына медициналық кеңес берілді. Осы күні салауатты өмір салтын қалыптастыру медбикесі Жеміс Ғабдолнасырованың бастамасымен медицина саласы қызметкерлерінің қатысуымен флешмоб және веложарыс ұйымдастырылды.

IMG-20230513-WA0050

Айта кетейік, 13 мамыр күні №2 Казталов аудандық ауруханасында да Халықаралық отбасы күніне орай ашық есік күні ұйымдастырылып, халыққа медициналық қызмет көрсетілген болатын.

Асылбек Нәсіпқали, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале