10.01.2022, 9:51
Оқылды: 68

Мемлекетiмiздiң тұтастығын сақтау – парыз

Ел басына күн туған уақытта ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елден кетпей, халықпен бірге болып, содырлар мен лаңкестерге қарсы күресуде өр мінез көрсеттi. Мемлекетiмiздiң тұтастығы, ұлт қауіпсіздігі үшін ұтымды шешім қабылдады. Осы әрекетімен құрметтеуге лайық тұлға екенін дәлелдеді.

WhatsApp Image 2022-01-10 at 09.23.34

Тура 1 жыл бұрын, яғни 2021 жылдың 5 қаңтарында Президентіміз «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында: «Ұлттық мүддені аспен де, таспен де қорғауға дайын болуымыз қажеттігін тағы да айтқым келеді», – деген болатын. Сөзінде тұрды. Елімізде орын алан соңғы оқиғалар кезінде Конституцияға сай әрекет етті. Барлық іс-шарасы, батыл үндеулері заң аясында болды.

Соңғы жылдары Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен «Педагог мәртебесі» заңы аясында ұстаздардың мәртебесін көтеру мақсатында ауқымды шаралар ұйымдастырылды. Педагогтердің жалақылары артып, білім беру саласы үлкен қолдауға ие болды. Келешегіміз - жас ұрпақтың білім нәрімен сусындап, тұлға ретiнде қалыптасуына жағдай жасалды.

7 қаңтар күні Президентіміз өз Үндеуінде тарихымыздағы осы қиындықты тез арада еңсеретінімізге ешқандай күмән жоғын, қастерлі Отанымыздың қуатты мемлекетке айналатынын айтып, үмітімізді  жалғады.

Біз, Теректі аудандық білім беру саласының барша қызмекерлері, егемен еліміздің амандығы үшін Президентімізді қолдаймыз. Тәуелсіз мемлекетіміздің тұтастығын сақтау – баршамыздың азаматтық парызымыз.

Жанаргүл Хусаинова,

Теректі аудандық білім беру бөлімінің басшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале