3.12.2020, 15:40
Оқылды: 78

 Мемлекеттік бағдарламалар пәрменді

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жариялаған ««Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында:  «Мемлекет тарапынан әлеуметтік саладағы және экономиканы қолдауға бағытталған барлық міндеттемелер орындалатын болады. Бұл мақсатқа Ұлттық қордан 1 триллион теңге бөлінуде. Әлеуметтік төлемдерді индексациялау жұмысы жалғасын табады. Осы бағытта 2023 жылға дейін шамамен 1 триллион теңгеден астам қаржы бөлу жоспарланып отыр» деген болатын.

014C2639-A6FD-487B-B915-30022C7F8064

Теректі ауданы аумағында халықты әлеуметтік қамтамасыз ету және жұмыспен қамтуды іске асыратын мемлекеттік мекеме – «Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімі Президент Жолдауының осы жолдарын нақты іске асыру үшін жұмыс жасауда.

Биыл Теректіде халыққа әлеуметтік көмек көрсету және қамтамасыз етуге  аудан бюджетінен 891,1 миллион теңге бөлінді. Оның үстіне республикалық бюджеттен де арнайы әлеуметтік төлемдерге ақша бөлінеді.

Жыл басынан бері ауданда 323 отбасына 76952,9,0 теңге атаулы әлеуметтік көмек төленді. 14734,0 мың теңге әлеуметтік қоржындар мен гигиеналық құралдарға жұмсалды. 32 отбасына 683,8 мың теңге тұрғын үй көмегі көрсетілді. 1401 теректілікке 48014,0 мың теңге әлеуметтік көмек берілді. Бұдан бөлек Чернобыль апатын жойғандарға, Семей полигонынан зардап шеккендерге Ауғанстан соғысына қатысқан сарбаздарға, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне әлеуметтік төлемдер төленді. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арнайы оңалдыру бағдарламасына сай көмек көрсетілді.

Пандемияға байланысты туындаған қиындықтарға қарамастан, жәрдемақылар төлеу уақтылы атқарылды.

93013206-4AFB-4159-8AEE-259BD504906F

Төтенше жағдайға кезеңінде халық қамын ойлаған Үкімет әлеуметтік әлжуаз топтарға енетін тұрғындарға азық-түлікке деп 2 АЕК көлемінде төлем тағайындады. Аудан бойынша 2276 адам жалпы  38389,7 мың теңге көлемінде республикалық бюджеттен осы көмекті алды. Уақытша табыссыз қалған азаматтар 42 500 теңге мөлшерінде көмек алды. Осындай жәрдем көршілес елдерде, тіпті басқа ірі мемлекеттерде берілмеген екен.

«Қазіргі күрделі жағдайда алдымызда тұрған басты міндет – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтап қалу» деді Президент.

Нақты көрсетсек, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты аясында еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау мақсатында жұмыспен қамту орталығы арқылы 30 адам оқытылды. Тегін оқып, стипендиямен және жол жүру ақысымен  қамтамасыз етілген теректіліктер жаңа мамандық меңгерді. Солардың ішінен 22 адам  алған мамандықтары бойынша тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Осы «Еңбек» бағдарламасының екінші бағытында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру үшін кері қайтарымсыз грант беруге 76131,0 мың теңге қаражат бөлінген болатын.

-Осы орайда табысы мен жұмыс орынын өзі қамтамасыз етіп, кәсіпкер болуға бел байлаған теректіліктер бар екені қуантады.  Мал, құс өсіру сияқты шаруашылықпен айналысушылармен қатар наубайхана, шаштараз, шағын өңдеу цехын, автокөлік жөндеу шеберханасын ашамын деушілер бар.

Ағымдағы жылы осы бағытпен әр адамға 550 мың теңгеден, 116 адамға грант берілді. Оның 102-сі мал мен  құс өсіруге, 14-і құрылғы сатып алуға алды. Қазір бәрі де істерін ашып, жұмысқа кірісіп кетті. Бағдарлама жалғасады. Келесі жылы мемлекеттік грант алуға, ісін ашуға ынталы азаматтар болса, жұмыспен қамту орталығына жолықсын,- дейді бөлім басшысы Арайлым Тасенова.

0A645096-ED0E-4B44-977A-B476A37D412D

Иә, «Еңбек» қазақтың «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақалын дәлелдеп тұр. Осы бағдарламаның көмегімен іс ашып немесе жасап тұрғын кәсіпкерлігіне қажетті құрылғы-аспап сатып алғандар да баршылық.

Осыдан екі жыл бұрын «Бастау Бизнес» бағдарламасымен кәсіпкерлікті меңгерген Дана Пустовая «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» алғашқы қарлығаштарының бірі. 1,5 миллион несиеге қолы жеткен Дана Серекбайқызы аудан орталығында шаштараз ашуға бел байлап, керек-жарақ сатып алды. Өз ғимараты болмағандықтан, шаштараз ашатын жерді жалға алды. Сөйтіп, өз ісіне кіріскен кәсіпкер қазір бір адамды жұмыспен қамтып отыр.

Покатилов ауылындағы кәсіпкерлер қатары осы бағдарлама көмегімен толығуда. Мысалы, 1,1 млн.теңге несиеге ірі қара сатып алған Мінаура Елеуова, 1,9 млиллион теңге несие қаржысын «талпақ танаулар» өсіруге салған  Геннадий Пшеничныйдың шаруашылықтарында өсім байқалады. Бірі сүт, бірі шошқа етін саттыққа шығарған покатиловтықтар «Еңбектің» пайдасын көріп отыр.

Сондықтан да шығар, бағдарламаға қатысуға ынталы азаматтар көр. Биыл «Бастау- Бизнес» бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 80 адам жолданды. Сертификат бар қолдарында. Яғни бағдарлама шеңберіндегі жеңілдетілген несие алуға, грант иемденуге, сол арқылы ісін ашуға мүмкіндіктері мол.  

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының үшінші бағыты да халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және  еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту үшін дайындалған.

Осы бағытта жыл сайын ауданда әлеуметтік жұмыс орындары, жастар тәжірибесі және ақылы қоғамдық жұмыстары ұйымдастырылады.

8CA5CBDD-B2DD-4B29-A637-9E2717D5B008

Биыл «Жұмыспен қамту орталығында» тіркелген жұмыссыздар ішінен 85 азамат жұмыс берушілердің сұраныстары бойынша құрылған әлеуметтік жұмыс орындарына 12 айға жолданды және олардың жалақысының 35 пайызын мемлекет ішінара субсидиялады.

Жұмыссыз отырған түлектерді уақытша жұмыспен қамту мақсатында 147 түлек жастар тәжірибесіне жолданды. Өз мамандықтары бойынша тәжірибе жинақтаған жастарға 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жалақы төленеді және тәжірибеден өту кезеңі жалпы жұмыс өтіліне саналады.

322 жұмыссыз азамат елді мекендерді абаттандыру және тазалығын сақтау үшін ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылып, еңбекақысын алды.

Айта берсек, Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы атқарылған істер тізбегін жалғастыра беруге болады. «323 отбасына 76952,9,0 теңге атаулы әлеуметтік көмек төленді», «22 адам  алған мамандықтары бойынша тұрақты жұмысқа орналастырылды» немесе «әр адамға 550 мың теңгеден,  116 адамға грант берілді», «147 түлек жастар тәжірибесіне жолданды» деген жолдар оқып отырған кезде құрғақ сан ретінде көрінер. Бірақ, әрқайсының артында адам тұр. Яғни, «323 отбасының күнкөрісі жеңілдеді», «22 адам жұмысқа тұрып, жалақы алатын болды», «116 адам өз ісін ашуға тірек тапты» деп оқысақ, елімізде әр адамның өмір сүру сапасын арттыру үшін жасалып жатырған жоба-бағдарламаларының біздің ауданда пәрменді іске асып жатқанын түсінеміз.

Сөз соңында: Еңбеккерлігімен өз елін алпауыт қылған қытайларда «Адамға бір балық берсең, ол бір күн ғана тоқ болады. Егер оны балық аулауға үйретсең, өмір бойы тоқ болады» деген нақыл бар екен.  Біздің елімізде тек «балық аулауға» үйретіп қана қоймай, аулайтын «қармақ» сатып алуға да жағдай тудырып отыр. Тек, дұрыс пайдаланып, еңбек ету керек...

Камелия Өтеу,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале