7.04.2024, 16:18
Оқылды: 8

Мешіттерде дұға жасалды

Су тасқынына байланысты зардап шеккен отандастарымызға арнап Бәйтерек ауданының мешіттерінде де Құран оқылып, дұға жасалып жатыр.

IMG-20240407-WA0036

"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының "Бір мезетте бір дұға" игі бастамасына еліміздің барлық өңірінде мешіт имамдары мен жамағаты секілді бәйтеректіктер де үн қосып жатыр. Яғни күн сайын, соның ішінде жұма намаздарында, кеше өткен қасиетті Қадір түнінде, ауызашарларда елімізде қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты арнайы Құран оқылып, дұға жасалды. Алла Тағала Құран аяттарының нұрымен қазақстандықтарға жар болғай, ел-халқымызды табиғи апаттардан, түрлі індеттерден аман сақтағай, топан судан жапа шеккендерге жеңілдігін берсін, басқа келген сынақтың соңын қайырлы етсін", - деді аудандық «Жұбан молда» мешітінің бас имамы Алмат Әміров.

Қуаныш Қали, 

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале