10.11.2021, 11:40
Оқылды: 85

Мұхит жүрген сара жол

Кеше Қаратөбе аудандық мәдениет үйінде Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы мен Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филормонияның қолдауымен «Мұхит» атындағы қоғамдық қордың ұйымдастыруымен Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай халық композиторы, батыс ән мектебінің негізін қалаушылардың бірі Мұхит Мерәліұлының 180 жылдығына арналған  «Мұхит жүрген сара жол» атты концерт өтті.

WhatsApp Image 2021-11-10 at 11.37.26 (2)

Шара Мұхит Мерәліұлының, Ғарифолла Құрманғалиевтің әндерін насихаттаушы «Мұхит» атындағы қоғамдық қорының директоры Сағадат Рахметжановтың алғысөзімен бастау алды. Мұхиттың өмір жолы айтылып, өнерпаздар домбырамен  ән шырқады.

WhatsApp Image 2021-11-10 at 11.37.26 (4)

WhatsApp Image 2021-11-10 at 11.37.26 (3)

Концертте «Айнамкөз», «Айдай», «Желкілдек», «16 қыз», «Жан телім», «Ақ сұңқар», «Халық термесі», «Қилаш», «Айжан-ай», «Зәуреш», «Паңкөйлек» сонымен қатар көрермендердің сұрауы бойынша тағы да бірқатар әндер шырқалды.

WhatsApp Image 2021-11-10 at 11.37.26

- Әрқашанда Мұхит Мерәліұлы мен  Ғарифолла Құрманғалиевтің әндері мәдениет үйімізде шырқала берсін, ата-бабамыздан қалған өнер еш уақытта сөнбеуі керек.Мұхит  ән мұрасын жалғастыратын сіздер мен біздер! Өзіміздің артымыздан келе жатырған жастарға ата-бабамыздан қалған өнерді ұрпаққа таратып, осы бағытта жұмыстарды жандандыру керекпіз,- деген аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев келген қонақтарға алғысын айтып, алғыс хатпен марапаттады.

                                                                                        Халила  Моржанова,

                                                                                            Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале