21.12.2023, 15:30
Оқылды: 14

Облыстық домбырашылар байқауы өтті

Бүгін Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығында аудан әкімдігі және аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен дүлдүл күйші Құрманғазы Сағырбайұлының 205 жылдық және Тасқала ауданының  90 жылдық мерей тойы аясында «DOMBYRA-ŞEJIRE» атты облыстық домбырашылар байқауы өтті.

фото назека2

Шараның мақсаты - аға буын мен жас домбырашылар арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау және шығармашылық қарым-қатынас ортасын құру.

фото Назерке 1

Аталмыш байқауға аудандық мәслихат төрағасы Жанар Бисенғалиева қатысып өзінің жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі.

фото назека3

Байқауда І орынды тасқалалық Мейірбек Аманғалиев иеленсе, II орынды оралдық Әлихан Есентай және казталовтық Азамат Губайдуллин ие болды. Ал III орынды казталовтық Аяна Орынғали мен қос оралдық Азамат Маликов, Әділет Жолдығали өзара бөлісті.

фото назека4

Аталмыш байқауда Бекзат Рамазан, Елдос Аманғалиев, Қайрат Байғұтты түрлі мараппатқа ие болды.

Назерке Шайхолла,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале