2.09.2021, 11:36
Оқылды: 23

Он мыңыншы екпе алмалылық тұрғынға салынды

Алмалылық  Әсия Отарғалиева ауылдық дәрігерлік бөлімшесіне ерікті түрде  екпе алуға келген. Мақсаты – індетпен күреске, елдегі ахуалды жеңілдетуге сәл де болса, өз үлесін қосу. Жақын-жуық пен араласатын ағайын, отбасының саулығын қамдаған ол өзінің он мыңыншы екпе алушы болып тіркеліп жатқанын да білген жоқ. Ол жайлы кейіннен өзіне екпе салған дәрігер хабарлайды.

ак

– Менің жасым биыл 57 де,  бір ұл, бір қыздан  өрген немере-жиендерімді бағып, үйде отырған әжемін. Мына індет ешкімді талғап жатқан жоқ, өзім танитын, білетін адамдар аяқасты аурудың шеңгеліне ілігуде. Олардың бірде-бірі екпе алмаған. Қазір осы вакцинаға қатысты түрлі қауесет көптеп тарауда. Біреулер сондай даурықпа сөзге еріп, вакцинаны салдырмаймыз деп еріседі. Соларға таңым бар, елімізде мұндай індет бір емес, бірнеше рет болған. Сонда қалың көпшіліктің тек осындай екпенің арқасында ғана аман қалғаны ақиқат. Шешек, сүзек, полиэмиелит деген ауруларды бүгінде ұмытқанымыз вакцинаның ғана арқасы. Айтып кеткенімдей, немерелерімді қарап отырмын. Сол қарадомалақтарымның амандығы – мен үшін маңыздысы. Өзім ауырып қалсам, солар жұқтырып алуы мүмкін ғой. Екпе алуымның тағы бір себебі осы.

Әсия Отарғалиева артериялық гипертензиямен есепте тұр. Вакцина алуға қарсы медициналық көрсетілім болғанына қарамастан, ол қан қысымының төмендегенін пайдаланып, екпенің алғашқы дозасын алыпты. Оның қазіргі жағыдайы қалыпты, денсаулығына кері әсерін байқамапты.

Аудан бойынша коронавирусқа қарсы он мыңыншы екпені алған Әсия Отарғалиеваға аудандық емхана басшылығы тарапынан сый-сияпат ұсынылды.

Әсет Бисенғалиев,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале