23.12.2019, 15:54
Оқылды: 173

Өңір асық атушылары Бәйтеректе жиналды

Бәйтерек ауданы Переметный ауылында «Асық атудан» ашық аудандық турнир өтті.

baiterek (3)

Елбасының «Рухани жаңғыру бағдарламасын кеңінен насихаттап, ұлттық спорт түрлеріне соның ішінде асық ату спортына деген қызығушылықты артыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған жарысқа өңіріміздің бірнеше ауданынан келген спортшылар қатысты.

baiterek (4)

-Жыл санап ұлттық құндылықтарымыз кеңінен дәріптеліп келеді. Ұлттық спортымыз да қалыс қалып жатқан жоқ. Ел болған соң елдігімізді танытатын осындай ұлттық құндылықтарымыз насихатталып, келер ұрпақ жастайынан мәдениетімізді бойына сіңіріп өсуі керек, - деп спортшыларға сәттілік тіледі аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Радик Ихласов.

Екі күнге созылған асық атушылар жарысы қызықты өтті. Ерлермен қатар спорт алаңына бұрымдылар да шығып, мергендік пен қатар төзімділікті қажет ететін спорт түрін тым жақсы меңгергендігін көрсете алды.

baiterek (5)

Жарыс қорытындысында үшінші орын Шыңғырлау ауданының спортшыларына бұйырса, екінші орын Ақжайық ауданының «Ақжайық-2» командасына, ал жарыс жеңімпазы атағы Ақжайық ауданының құрамасына берілді.

Жарыс жеңімпазы мен жүлдегерлеріне ұйымдастырушылар бағалық сыйлықтар мен естелік медальдар табыс етті.

Түгелбай Бисен

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале