19.04.2017, 19:06
Оқылды: 62

Оралбай Сатудың шығармашылық кеші өтті 

Қазталов ауданында ақын Оралбай Сатудың «Жыр шипа» атты шығармашылық кездесу кеші өтті. Мамандығы дәрігер болғанымен, Оралбай Сату поэзияда өз орнын тапқан ақын деуге болады.


Оның сыршыл лирикалық сезімдерге толы өлеңдері оқырмандарды бейжай қалдырып көрген жоқ. Сонымен қатар ол туған жерді де шабыттана жырлады. Ақынның сөздеріне жазылған әндер де баршылық.

Бүгінде жетпістің төрінде отырған ағамыз әлі де шабыт үстінде. Кешке жиналған оқырмандар алдында ақын өзінің жастық шағын, поэзия туралы ойларын ортаға салды.

Шығармашылық кеште Қанатқали Қожақов, Жаскелең Қайсағалиевтер ақынның сөздеріне жазылған әндерді орындап, тыңдармандарды бір серпілтіп тастады.

Сондай-ақ ақынның досы Төлеген Әбілқайыров ақынға ақжарма тілегін арнаса, замандасы Нәсіпқали Иманғалиұлы да осы кешке арнайы келді.

Кеш соңында аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр ақынға алғыс хат табыстаса, аудандық ардагерлер ұйымының атынан иығына шапан жапты.

Жұлдыз АСҚАР

Қазталов ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале