7.06.2023, 15:15
Оқылды: 44

Өркендік түлектердің өнегелі ісі

Бәйтерек ауданының Көшім округіне қарайтын Өркен ауылында мектеп бітіргендеріне 15 жыл толған 1990 жылғы түлектер киіз үй тігіп, қазақша күрес, футбол, гір тасын көтеруден ауыл тұрғындары арасында жарыс ұйымдастырды. Бұрынғы мектеп директоры, қазір зейнеткер Жұмазия Елемесова мен ардагер ұстаздар қонаққа шақырылды.

IMG-20230607-WA0108

Ауыл жігіттері бақ сынаған қазақша күресте І орынды Қолғанат Сағатов, ІІ орын Данабай Мәжит, ІІІ орынды Қайрат Сәрсенғалиев алса, футболдан «Жастар» командасы жеңімпаз атанды. Ал екінші орынға мектеп оқушыларынан құралған топ лайық деп танылып, «30+» жігіттер тобы үшінші орынмен марапатталды. Сондай-ақ гір тасын көтеруде де Қолғанат Сағатов үздік болып, екінші орынға Самат Мусин, үшіншіге Ербол Мұсағалиев жайғасты. Қатысушыларға ұйымдастырушылардың атынан ақшалай сыйлық табысталды.

Кейін қонақтар арнайы құрылған киіз үйде ән шырқап, оқушыларымен вальс биледі.

IMG-20230607-WA0122

– Біздің сыныпта қыз болмады, мектепті 9 жігіт тәмәмдадық. Биыл 15 жылдыққа орай жігіттер басқосып, ақылдасып ауыл тұрғындарына дала қызығын өткізуді жөн көрдік. Сонымен қоса «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында үш оқушыға танымдық кітап сыйлап, ауыл балаларына шағын футболға арналған қақпа жасап бердік. Білім ұямызға тартуымыз мұнымен бітпейді. Алдағы уақытта ауылға салынып жатқан жаңа мектептің құрылысы аяқталған соң қажетті заттарды алып бермекпіз, - дейді 2008 жылғы түлек Жанат Аманғалиев.

 

Нұрсәуле Әбілпейсова,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале