2.02.2024, 16:30
Оқылды: 113

«Ортаның» үйірмелеріне 314 бала барып жүр

Сырым ауданы орталығы Жымпитыдағы «ОРТА» мәдени және спорттық үйірмелер орталығы 2023 жылы ашылды. 

сырым айжан орталык (1)

Балалардың бос уақытын тиімді пайдалану, оларды шығармашылық бағытта дамытуды мақсат ететін орталықтың ерекшелігі - үйірмелері тегін.

сырым айжан орталык (2)

Қазіргі таңда «Ортаның» үйірмелеріне 314 бала барып жүр. Оларға 5 бапкер, 4 жетекші тәлім береді. Екі ұйымдастырушы маман орталықтың жұмысын үйлестіреді.

сырым айжан орталык (3)

Бүгін жаңа орталықтың жұмысымен Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов танысты.

сырым айжан орталык (4)

Әкімнің орынбасарын жас күйшілер күй тартып қарсы алды.

Бауыржан Ширмединұлы, 

Фотоға түсірген: Айжан Амангелдина

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале