5.02.2022, 18:10
Оқылды: 0

Палуанда жеңіс тұғырында

Орал қаласында дзюдо күресінен Батыс Қазақстан облыстық чемпионаты өтті. Дзюдошылар додасында өңірдің түкпір түкпірінен келген 2005-2006 жылғы палуандар бой көрсетті. Аталмыш байқау, бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру және дзюдо күресіне деген қызығушылықты арттырып, облыстағы жас спортшыларды қолдау мақсатында ұйымдастырылды. 

IMG-20220205-WA0016

Бәсі биік бәсекеден аудан спортшыларытқұр қайтпады. Атап айтар болсақ, мықтылармен иық тірестіріп, намысты қолдан бермеген Асан Биғалиев үздік үштікке іліксе, қарсыластарын қоғадай жапырған Алихан Сариев жарыс жеңімпазы атанды. Жаттықтырушылардың айтуынша, жарыс тартысқа толы өтіпті.

IMG-20220205-WA0015

Бәсекелестік жоғары болған. Оның үстіне чемпионатқа сайдың тасындай іріктелген кіл мықтылар жиналыпты. Жеңіс тұғырына көтерілу кім кімге де оңайға соқпағанын баса айтады. Сонымен қатар, алда осы сынды байқаулардың бірнешеуі бар екеніне тоқталып, дайындықтарын күшейтпек ниетте екендерін де сөз етті.

Назерке Сыйлыбай,

Байтерек ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале