28.07.2021, 14:50
Оқылды: 45

Педагогтар екпе алуда

Бәйтерек ауданындағы білім мекемелерінде 2577 адам қызмет етеді. Олардың 1703-і педагогтар. Қазіргі таңда мектептерде қызмет жасайтын жандардың 1863-і екпе алып үлгеріпті. Ковидке қарсы егілген жандардың нобайы ұстаздар екен.

DK104893.JPG

Аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Замира Хамиеваның сөзінше, соңғы уақытта егілуге келетін мұғалімдер саны күрт өскен екен.

-Мектептерден бөлек балабақшы қызметкерлері де екпе алуда белсенділік танытуда. Бүгінгі күнгі мәлімет бойынша, аудан балабақшаларында қызмет атқаратын 197 адамның 141-і екпе алды. Сондай-ақ қосымша білім беру педагогтері де азаматтық борыштарын орындап, егілуге асығып жатыр. Ауданда 105 қосымша білім беру педагогі бар. Олардың 74 егілді, - дейді аудандық білім беру бөлімінің әдіскері З.Хамиева.

Денсаулық жағдайына байланысты 254 мектеп қызметкері анықтама алған болса, 23 мектепке дейінгі білім беру қызметкеріне де вакцина алуға болмайтыны жөнінде қағаз берілген. Мұндай анықтама 11 қосымша білім беру педагогінде де бар екен. Сондай-ақ ауырып шыққан 134 білім беру мекемелерінің қызметкері уақытша екпе алудан босатылғанын да бөлім мамандары айтып отыр.

Тек бір әттеген-айы келер оқу жылы қалай болатыны туралы ешқандай ақпарат жоқ. Ауданның бас педагогі онлайнға да, дәстүрлі оқуға да мектептер дайын екенін айтты.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале