25.11.2019, 12:34
Оқылды: 107

Переметныйда асық атудан жарыс өтті

Бәйтерек ауданының орталығы Переметный ауылында ұлдар мен қыздар арасында асық атудан жарыс ұйымдастырылды.

baiterek sport (3)

3 топ бойынша 2003-2005, 2006-2007, 2008-2009 жылы туған ұлдар мен қыздар арасында өткен асық ату жарысының ашылу салтанатында аудандық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің әдіскері Сүйініш Ұмбаев жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарысқа аудан мектептерінен 10 команда қатысып, өнерлерін ортаға салды.

baiterek sport (4)

Айта кету керек, қыз балалар асық атудың «Бес асық» түрінен жарысқа түсті.

Асық ату жарысының қорытындысында жалпы командалық есепте Жамбыл мектебі командасы І орынды жеңіп алды. Ал Зеленый мектебі мен Бәйтерек аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі командалары ІІ, ІІІ орындарды өзара бөлісті.

Ертай Бимұханов

Бәйтерек ауданы

суреттерді түсірген Сәлім Мәмбетәлиев

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале