30.06.2023, 9:45
Оқылды: 54

Переметныйда көпір құрылысы басталды

Бәйтерек ауданының Переметный ауылы маңындағы Деркөл өзені үстінен өтетін көпірді күрделі жөндеу басталды. Есептік кездесулерде жиі көтерілетін бұл мәселе шешімін таба бастағанына жергілікті тұрғындар қуанышты.

def14e18-25b4-49de-a9b0-08c88aceb651

Аудандық қоғамдық және ардагерлер кеңестері, жергілікті атқарушы билік өкілдерінен, аудандық мәслихат депутаттарынан құралған топ аталмыш нысанды жөндеу жұмысымен танысты.

64a4cab0-dafc-4afa-9b77-31c139c518d6

«Үлкен Шаған-Переметный-Вечный» деген атауы бар автожолының бойындағы көпір өткен ғасырдың 70-ші жылдары салынған. Атамекен, Зеленов, Шалғай, Егіндібұлақ округтарын байланыстыратын өткелдің екі жыл бұрын қалқаны құлап, жартылай бұзылған болатын. Күрделі жөндеуге қазынада 1 млрд теңгеден астам қаржы қаралған. Биылғы мамырда басталған жөндеуді осы жылдың қазан айына дейін аяқтау жоспарлануда.

626d53e6-61e3-4cbd-9f9e-c73221f41d13

-Қазір көлік қозғалысы үшін уақытша айналма жол салып жатырмыз. Ол шаруа біткен соң ескі көпірді лезде бұзып, жаңасының құрылысына кірісеміз. Көпірдің іргетасы судың табанынан 7 метр тереңдікте жатыр. Салынатын өткелдің жалпы ұзындығы 90, ені 7,5 метр болады. Автокөліктер үшін екі қозғалыс жолағы салынады. Көпірдің екі жағына жаяу жүргіншілер жолы мен жарық шамдар орнатылады. Қазіргі таңда 40 шақты адам жұмыс жасауда. Ал қоршайтын темір, жол белгілері тағы басқа ең маңызды материалдар алынды дейді, - дейді мердігер компания директоры Қазыбек Жұмагелдиев.

d8153578-6327-4d42-99cc-ae3e013f58f0

Сондай-ақ құрылысшылардың айтуынша, бөгет қойылғанға орай өзен суы көтеріліп, ол құрылыс жұмысына қолбайлау болып тұр. Көпірден өткізілген газ құбырлары да талапқа сай емес, бәрін бұзып, қайта салу қажет.

Мамандардың сөзіне қарағанда, көпір - сыртқы күштердің әсеріне көп ұшырайтын нысан. Оны салу үлкен жауапкершілікті жүктейді. Әрі ол үшін тұрғындар санының көп не аз болуы шарт емес, бастысы – көлік қозғалысы кептелістің болмай, жол қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі керек.

 

Нұрсәуле Жәнібекқызы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале