7.08.2023, 17:15
Оқылды: 14

Пікірсайысқа түсті  

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық Заңының 113-1 бабының 2-інші мен 3-інші тармақтарына сәйкес және Тасқала аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 5 шілдедегі №28 шешімі негізінде Қазақстан ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалған болатын. Оған үш үміткер өз кандидатурасын ұсынды.

пікірсайыс 1

Осыған байланысты жұма күні Атамекен ауылдық мәдениет үйінде Қазақстан ауылдық округі әкімі лауазымына үміткерлер арасында пікірсайыс өтті.

Оған екі үміткер және жергілікті қауымдастық пен қоғамдық ұйым өкілдері, ауыл тұрғындары мен жастар, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

Шараны ашқан модератор Аман Байғали жиналғандарды сайлауалды сайыстың ережесімен таныстырып, үміткерлердің сөйлеу кестесін белгіледі.

Пікірсайыс үш кезеңнен тұрды. I кезеңде әр үміткер өз бағдарламаларымен таныстырса, II кезеңде бір-біріне қойылған сұраққа жауап берді. Ал III кезең тұрғындардың үміткерлерге деген сауалымен жалғасты.

Бір сағатқа созылған сайлауалды сайыста біраз нәрсе қамтылды. Тұрғындар сауалы да назардан тыс қалмай, оларға нақты жауап берілді.

Назгүл Серікқызы,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале