5.09.2022, 10:45
Оқылды: 138

"Президент Жолдауы жастарға жігер сыйлайды"

Жастар – қоғамның қозғаушы күші ғана емес, елдің тірегі әрі ең белсенді бөлігі. Соған орай оларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп келеді. Мұны Мемлекет басшысының кешегі Жолдауынан да анық аңғаруға болады. «Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі. Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасты жұмысқа орналастыруымыз керек» деп атап өтті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.

8

Бәйтеректіктердің 23%-ын құрайтын жастарға арнап ауданымызда жыл басынан бері 130-дан астам іс-шара өтті. Үш бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылып, мекеме-кәсіпорындардан 100-ге жуық вакансия ұсынылды. @baiterekzhastarylife әлеуметтік желі парақшасында жастарға қатысты жұмыспен қолдауға арналған «Жастар тәжірибесі», «Дипломмен ауылға», «Жасыл ел», «Алғашқы жұмыс орны» жобалары аясында кәсіпкерлікпен айналысу және кәсіптік білім алу жөнінде ауқымды кеңестер берілді. «Жастарға жұмыс!» оқу-семинарлары 22 ауылдық округте өтіп, белсенді жастармен қатар Neet санатындағы жастар да қатысты. Нәтижесінде 75 бәйтеректік жас тұрақты жұмысқа орналасты. «Жастар тәжірбиесі» арқылы 81, «Алғашқы жұмыс орны» бойынша 24 қыз бен жігіт жұмысқа тұрды. Ал әлеуметтік жұмысқа - 8, қоғамдық жұмысқа – 16 жас тартылды. Мемлекет басшысы қойып отырған міндетке сәйкес келер жылы бұл сандар да, болашақ өкілдерін қолдау іс-шаралары да айтарлықтай көбейетіні анық. Бәйтеректік жастар бұған толықтай сенеді.

Жанар Ғұбашева,

Бәйтерек аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале