11.10.2023, 17:49
Оқылды: 39

Райгүл Абдуғалиева «Үздік тәлімгер» атанды

Батыс Қазақстан облысы аумағында жарияланған «ЕҢБЕК ЖОЛЫ» конкурсының жеңімпаздары белгілі болды.

PHOTO-2023-10-10-16-02-03

Сырымдық Райгүл Абдуғалиева «Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері» аталымы бойынша ІІ орынға ие болды, деп хабарлайды Сырым аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Кенжегүл Исатаева.

Райгүл Абдуғалиева еңбек жолын 1984 жылы Сырым аудандық пошта байланыс торабы мекемесінен оператор болып бастаған. Қазіргі таңда ««Қазпошта» АҚ Сырым аудандық пошта байланыс торабының жеткізу учаскесінің бастығы қызметін атқаратын

Райгүл ханымның жергілікті баспасөз беттеріне жазылымды ұйымдастыру ісінде де еңбегі бір төбе.

Жастардың үздік тәлімгерін Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев марапаттады.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале