10.02.2020, 10:32
Оқылды: 30

Республикалық чемпионаттың қола жүлдегері атанды

Дзюдо күресінен 2003-2004 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатқан Қостанай қаласынан сүйінші хабар жетті.

qaztalov (2)

Чемпионаттың бірінші күнінде Казталов ауданының Жалпақтал ауылындағы аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті, қазіргі таңда Орал қаласындағы спортқа дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатында оқып жүрген Айшабибі Мурадимова 44 келі салмақта Қазақстан Республикасы чемпионатының қола жүлдегері атанды.

qaztalov (5)

Алдағы күндері күресетін шәкірттер Сенім Сейтқалиев пен Абай Елеусинов және БҚО-ның намысын қорғайтын палуандарға сәттілік тілейміз.

Қыдыр Харесұлы

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале