20.10.2020, 12:09
Оқылды: 54

Рубежка ауылының маңы қоқыстан тазартылды

 «Birgemiz: Taza Alem» жалпыұлттық жобасын іске асыру мақсатында ауыл еріктілері «Таза жағалау» акциясын ұйымдастырды. Акция барысында Рубежка ауылының маңында орналасқан көл жағасы тұрмыстық қалдықтардан, құлаған ағаштардар мен қоқыстардан тазартылды.

Ерікті Рубешка

Ерікті жастардың бастамасына қолдау білдірген ауылдық округ әкімшілігі жиналған күбірді шығаруға қажетті техника бөлді. Барлық қоқыс ауылдан алыстатылып, арнайы орындарға шығарылды.

Ерікті Рубешка1

Шара соңында көл жағасын тазалауға атсалысқан ауыл тұрғындарына ризашылығын білдірген рубежиндік жастар ұйымының жетекшісі Айнұр Қожабаева алдағы уақыта мұндай тазалық акциялары жалғасатынын айтты.

Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале