3.03.2023, 22:17
Оқылды: 24

Рухани гастрольдік сапар

Өткен аптада «Ақ ниет» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен Қараоба, Қошанкөл, Тереңкөл, Бірік, Жаңажол, Бостандық ауылдық округтерінде «Үмметін сүйген Мұхаммед» атты рухани кеш ұйымдастырылды. Рамазан айы қарсаңындағы гастрольдік сапар барысында С.Садықов атындағы мәдени-демалыс орталығының халықтық театрының «Тәубе» сахналық қойылымы көпшілік назарына ұсынылып, аудандық мұсылмандар мешіттінің бас имамы Жандосбек Досқалиұлы мұсылманның бес парызын түсіндірсе, теолог маман, «Ақ ниет» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қанатқали Айтқалиұлы құран аяттарын оқыды.

29cb1cc8-e97d-4c3e-aa78-eefc4a1a9a4c

5f7b37f4-7e9f-49f2-9105-fe8323b78288

 

5eff1779-bdd5-4666-8cb4-bc5826a24fe5

9060f10b-1541-43c8-b1da-f4040024bc80

-Рамазан айының қарсаныңда «Үмметін сүйген Мұхаммед» рухани-танымдық ізгі шарасы ұйымдастырылды. Жыл сайын мұсылман қазақ халқы айтулы мерекені атап өтеді. Рамазан мерекесінің қазақ тарихында, асыл дініміз исламда алатын орны ерекше. Осы шараның мән-маңызын ұғындыру, жастар бойында имани ізгі қасиеттерді бойға сіңіру - бүгінгі күннің басты талабы болып отыр. Сондықтан ауданымыздың мәдениет майталмандарымен бірігіп, гастрольдік сапар ұйымдастыруды қолға алдық, - деді бірлестік төрағасы.

Қанатқали Айтқалиұлы мұндай рухани кештерді ұйымдастыру әлі де жалғасын табатындығын жеткізді.

Асылбек Нәсіпқали

Казталов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале