10.08.2026, 15:45
Оқылды: 7

Рухты оятқан ұлы есім

Бүгін Рухани орталық ғимаратының алаңында қазақ елін әлемге әйгілі еткен, ұлы ойшыл, ұлтымыздың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 181 жыл толуына орай «Абай әні – халық үні» әдеби-сазды кеші өтті.
WhatsApp Image 2026-08-10 at 15.25.39 (1)
Руханиятымыздың биік тұлғасына деген құрметіміздің белгісі ретінде Абай Құнанбайұлының рухына тағзым етіп, ескерткішіне аудан басшысы Алпамыс Жаңабайұлы мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қайырғали Үмбетқалиұлы бастаған мекемелер гүл шоғын қою рәсімін жасады. Әрі қарай, библиограф Лунара Садырова «Абай – тұтас бір әлем» атты кітап көрмесіне шолу жасаған соң, керегеде отырған әжелер мен Мәдениет саласының үздігі, сазгер-сырнайшы Ерлан Сатыбаев «Желсіз түнде жарық-ай» әнін орындады. Сөз аудан әкіміне ұсынылып,  Алпамыс Көшкінбаев барша қонақтарды айтулы мерекемен құттықтады. Содан соң, ойшылдың өмірі мен шығармашылығынан сұрақтар қойылып, белсенділік танытқан оқырмандар сыйлыққа ие болды.
WhatsApp Image 2026-08-10 at 15.25.39
Ғасырлар бойы қазақ халқына жол көрсетіп келе жатқан жарық жұлдыздың өлеңдері мәнерлеп оқылып, әндері шырқалды. Қара сөздері де тасада қалмай, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының мамандарының орындауында «он сегізінші» және «он тоғызыншы» даналыққа толы қара сөздері айтылды. Мерекелік жиында бас қосқан қонақтардың да қарасы қалың болды. Кеш соңында, жиналған. көрермендерге ақ жаулықты әжелер ақ ұсынып, ыстық бауырсақтан дәм таттырды. «Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» - деп, өзі айтқандай, Құнанбайдың ұлы Абайдың асыл мұрасы халқымен бірге мәңгі жасай берері сөзсіз.
Ақерке Ғилымхан,
Жаңақала ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале