15.11.2021, 9:45
Оқылды: 81

Сал Мұхит салған сара жол

Бәйтерек аудандық мәдениет үйінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен халық композиторы, батыс ән мектебінің негізін қалаушы Мұхит Мерәліұлының 180 жылдығына арналған  «Мұхит жүрген сара жол» атты концерт өтті.

16

Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы мен Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филормонияның қолдауымен «Мұхит» атындағы қоғамдық қордың ұйымдастыруымен оздырылғын кеште өңірдің үздік әншілері өнер көрсетті.
17

Мұхит Мерәліұлы атындағы қоғамдық қорының директоры, «Ерен еңбегі үшін» медальінің иегері, ҚР мәдениет қайраткері, әнші-термеші Сағадат Рахметжанов ашып жүргізген концертке көрермен көп жиналды.

15

Кеш барысында Сағадат Рахметжанов Мұхит Мерәліұлының өиір жолы мен шырқалар әннің шығу тарихына тоқталып, концерттің сәнін кіргізді. Ел ішіне кең тараған «Зәуреш», «Көкайдай», «16 қыз» «Паңкөйлек», «Ақайдай» сында әндер шырқалды.

Біраздан бері залда отырып, ән тыңдамаған ағайын әр өнерпазға деген қошеметін аямады.

19

-Мұхит Мерәліұлы дегенде ел есіне ән түседі. Алты қырдан асыра шырқап, батыс ән мектебін қалыптастырған бабамыздың мұрасын жалғау бүгінгі ұрпақ еншісіне тиіп отыр. Осы бір елдік миссияны орындап, халықты әнмен сусындатып жүрген өнерпаздар таусылмасын. Кешегі Ғарифолла Құрманғалиевтің ізін жалғаған буын өкілдері еліміздің әр аймағында шәкіріт тәрбиелеп, ұлы өнерімізді ұлықтауға күш салуда. Елге келіп, ағайынды желпіндерген әншілерге шын ықыласыммен бәйтеректік ағайын атынан ризашылығымды білдіремін. Бабадан қалған ән мұрамыз өркендей берсін,-деді концерт соңында Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжанов.

18

Сондай-ақ аудан басшысы дәстүрлі әншілерге ықылас гүлін ұсынды.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале