31.05.2026, 17:00
Оқылды: 2

Шабытқа толы «Би ғұмыр» кеші

С. Садықов атындағы аудандық мәдени-демалыс орталығында халықтық «Қарлығаш» би ансамблінің «Би ғұмыр» атты есеп беру кеші өтті.
 image-31-05-26-11-58-1_edit_7669524527750
60 жылдық тарихы бар би ұжымының жеткен жетістігі де аз емес.
Шығармашылық кеште кіші, орта және жоғары топтың бишілері де өнер көрсетіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, зор қошеметке ие болды.
Салтанатты шарада «Мен қазақпын» заманауи биі, «Мы маленькие дети», «Минионы», «Ковбой», «Хафанана», «Бала Ертіс», «Бала ойын», «Еркелер», «Дайдидау», «Айжан қыз» билері көпшілік көрерменді тәнті етті.
Тал шыбықтай мың бұрала билеген бишілерге ұлттық өнердің қыр-сырын үйретіп, жетекшілік етіп жүрген Ерназар Катуов пен Гүлдар Мұхамбетжанованың еңбектері ұшан теңіз.
Шара соңында аудан әкімі аппаратының басшысы Серік Нұрсұлтан аудан әкімінің орынбасары Серік Қайырлиевтің атынан ұжымға ризашылығын білдіріп, алғысхат пен гүл шоғын, естелік сыйлық табыс етсе, мың бұрала билеген бишілеріміздің ата-аналары да ризашылық білдіріп, естелік сыйлық пен гүл шоқтарын табыстады.
image-31-05-26-11-58-2_edit_7660296617962
 - 60 жылға жуық тарихы бар “Қарылғаш” би ансамблінің жетекшісі болғаныма төрт жыл болып жатыр. Қазіргі таңда ансамбль құрамында 153 шәкірт тәрбиеленуде. Бүгінгі “Би ғұмыр” атты есеп беру кеші өз деңгейінде өтті деп айта аламын. Оған халықтың ыстық ықыласын дәлел деп айта аламын. Қолдау көрсеткен ата-аналарыма және шәкірттеріме алғыс айтамын. Өнерімізді қолпаштап келген көрерменге бас иіп, ризашылығымды білдіремін , - деді ансамбль жетекшісі Гүлдар Қайратқызы.
Гүлнұр Сәуірғалиқызы, 
Қазталов ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале