13.01.2020, 12:46
Оқылды: 51

Щаповта мал бағатын жайылымдық жер тапшы

Бәйтерек ауданының әкімі Асхат Шахаровтың есептік кездесуі Щапов ауылдық округінде өтті.

baiterek sh (14)

Алдымен жергілікті тұрғындар алдында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен 2020 жылы қолға алынатын ауқымды жоба-жоспарлар турасында сөз қозғаған аудан әкімі кездесудің сұрақ-жауап түрінде өтуіне басымдық берді.

Одан соң баяндама жасаған Щапов ауылдық округінің әкімі Біржан Нұрбаиров округте 2019 жылы атқарылған жұмыстарды атап өтті.

baiterek sh (1)

- Щапов ауылында көктем мезгілінде су басу қаупі бар Бірлік көшесіне арық қазу жұмыстары толық аяқталды. Округке қарасты Жаңатаң ауылының Алматинская көшесіне жарық шамдар орнатылды. Аталмыш ауылға 4G интернет желісін тарту ісі де биыл аяқталады, - деді округ әкімі Біржан Төлегенұлы.

Кездесуде тұрғындар сұрақ қойып, ұсыныстарын айтты.

 - Халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселенің бірі – мал бағатын жайылымдық жер тапшылығы. Осы мәселенің шешімі табылса деген тілегім бар, - деді ауыл тұрғыны, зейнеткер Мұғадер Қаженов.

baiterek sh (2)

Жиында сөз сөйлеген өзге де ауыл тұрғындары мал жайылымы, жолаушылар тасымалы, көше атаулары, қоршаған орта тазалығына қатысты мәселелерді көтерді.

baiterek sh (3)

Тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға аудан әкімі А.Шахаров пен округ әкімі Б.Нұрбаиров жауап беріп, ауқымды жұмыстар алдағы уақытта да жүзеге аса беретіндігін жеткізді.

Ертай Бимұханов,

суреттерді түсірген

Сәлім Мәмбетәлиев

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале