6.09.2019, 12:53
Оқылды: 137

«Шөп алдың ба, ауылдас?»

Қазіргі күні ауылдастардың кездесе қалса қоятын сұрағы – «Не істедің? Шөп алдың ба, ауылдас?».

Шөп жинау қарқынды жүруде

Ауылдың малы бар тұрғыны үшін шөптің кім сататыны, қай бағаға сататыны туралы ақпарат маңызды. Оқырмандардың осы сұранысына орай, «Сырым елі» қоғамдық-саяси газеті Сырым аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімімен бірлесіп, кейінгі айлардағы сандарына аудан бойынша округтер бөлінісіндегі шөп бағасы және сатушылар жөнідегі мәліметтерді жариялап келеді.

2 қыркүйектегі мәліметке зер салсақ, аудан бойынша шөптің ең арзан бағасы Жосалы ауылдық округінде. Бір бума – 3000 теңге. Саройдағы «Хамза» шаруа қожалығы да шабындыққа келіп алған адамға мал азығын осы қақпен бермек. Ал Жетікөлдің және Аралтөбенің шаруалары шөпті ауылдастарына бумасын 4000 теңгеге сатып жатыр. Қособадағы «Нұрым» және «Мүтір» шаруашылықтары ауылдастары үшін шөп бумасының құнын 3500 теңгеге дейін түсірген. Бұлар – бүгінгі күндегі ең тиімді бағалар.

Сырым аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы Ақат Аралбаевтың айтуынша, аудан биыл 148, 9 мың тонна шөп жинауды межелеп отыр. Меже әзірге 72, 7 пайызға орындалды.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңізде

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале