13.12.2021, 17:50
Оқылды: 127

Шыңғырлау ауданында жаңа спорт кешені ашылды

Еңселі еліміздің Тәуелсіздік алғанына биыл 30 жыл. Егемендігін төрткүл дүние мойындаған Қазақстанның осы уақыт аралығында қол жеткізген биіктері қаншама. Бұл күнде республикамыздың түкпір-түкпірінде кеңінен аталып жатқан үлкен мереке жасампаздықтың, жаңашыл үрдістердің көрінісін паш етуде. Ел мерекесін шыңғырлаулықтар да еселі еңбекпен, толағай табыстармен, халық үшін жасалып жатқан игі істерімен қарсы алуда. Соның бірі облыс әкімі Ғали Есқалиев арнайы келіп қатысқан аудан орталығында ашылған дене шынықтыру-сауықтыру кешені.

039C3407-4726-475F-BD5F-300B5A7F8592

Талай спорт саңлақтары шыққан өңірімізге заманауи жабдықталған, талап үдесінен шығатын спорт кешені қажет-тұғын. Халықтың тілегі қабыл болып, 2020 жылдың сәуір айында сыйымдылығы 170 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын КПО Б.В. компаниясының тапсырысымен іргетасын мердігер «Жиенбай» ЖШС қалаған еді. Құрылыс мерзімі жоспарға сәйкес – 13 айға созылған болатын.

67C93BC3-44CE-4A75-9E3D-BF0EB244C9A9

Ашылу салтанатында сөз алған облыс әкімі Ғали Есқалиев шыңғырлаулықтарды заманауи жаңа спорт нысанының ашылуымен құттықтап, Президенттің тікелей тапсырмасының арқасында облыс көлемінде жаңа спорт кешендері халық игілігіне беріліп жатқандығын тілге тиек етті. Өңір басшысы заманауи кешен ел игілігіне қызмет жасап, осы нысаннан елге, әлемге белгілі спортшылар тәрбиеленіп шыға берсін дей келе, құрылыс жұмыстарына атсалысқан азаматтарға алғысын білдірді.

6A19D83B-FC40-41E7-A3AC-48CD33E5559B

Келесі сөз кезегін алған нысанның құрылысын жүргізуге тапсырыс беруші КПО Б.В. компаниясының Қазақстан филиалының өкілі Ержан Абылханов пен ауданымыздың спорт саласының ардагері Александр Пятин тұрғындарды жаңа спорт кешенінің ашылуымен құттықтады.

Салтанатты шара соңында жаңа нысанның лентасы қиылып,  шашу шашылды. Көптен күткен қуаныштың куәсі болған облыс әкімі Ғали Есқалиев еңселі кешеннің ішін аралап, жас спортшылармен кездесті.

Гүлшат Ибрагимқызы,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале